МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: Мектептегі музыка сабағын оқытудың әдісін үйрену.
Музыка сабағы - оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы. Өнер сабағы болғандықтан да мұғалімнің өзі өнерлі, әрі шебер ұйымдастырушы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал.
Педагогикалық- психологиялық заңдылықтар негізіне сай, оқушылардың қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет.
Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік, көрнекілік, практикалық. Кейбір тапсырмалар алдында жағдай туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар жүргізу, т.б.
Оқытушының іс-тәжірибесі мен шығармашылығынан туындайтын оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді. Жалпыға білім беретін орта мектептердің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыстыра жүргізу басты мақсат..
Музыканы оқыту барысында ақыл –ой мен эмоция, түйсіну және сүйсіну жүзеге асырылады. Музыканы қабылдау барысында адамның педагогикалық-психологиялық процестері қатар жүреді. Әдіс- сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашу үшін қолданылатын тәсіл немесе амал. Қорытындылау әдісі ойлауға, білімді жүйелеуге, бекітуге көмектеседі. Алдын-ала шолу әдісі жаңа тақырыпты, өткен тақырыптың негізінде жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Синтиз және анализ әдісі ұқсастық пен айырмашылықты айыруға негіз болады. Эмоциялық драматургия әдісі сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |