МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Мақсаты: Әуездік тәрбие берудің ғылыми принциптерін оқып үйрену.
Жалпы педагогика - әдістемені ғылыми жүйенің педагогикалық процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп қарастырылады. Демек музыкалық тәрбие беру әдістемесі - музыкалық өнердің заңдылықтарын зерттейді. Мектеп оқушыларының музыкалық білімді меңгеруін, дүниежүзілік көркемдіктің адам тәжірбиесіне жинақталуын қамтиды.
Педагогикалық ғылым сияқты музыкалық тәрбие беру әдістемесі де педагогикалық процестердің заңдылықтарын анықтайды. Ол дидактикалық принципке сүйенеді.
Оқу- тәрбие процесінің қоғам талабына сай болуы;
Әдістемені оқытудың мазмұны мен тәрбиелеу деңгейі қоғамның дамуына сәйкес болуы;
Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы мен байланыстылығы;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен мақсаты;
Педагогикалық жетекшілік дербес, өз еркімен және балалар шығармашылығымен ұштасуы;
Талап пен қайталау тақырыптарының жүйелілігі.
Осы заңдылықтарға сай қосымша талаптар:
Әлеуметтік - баланың заңдылық құқының сақталуы;
Коммуникативтік- баланың эстетикалық даму деңгейінің мұғалімнің іс-әрекетімен тәуелділігі;
Физикалық- баланың дене бітімінің дамуы;
Ұйымдастыру- оқушылардың жұмыс қабілетін ояту.
Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінде педагогиканың жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптеріне сүйенеді.
А) Оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңайлылығы;
Ә) көрнекілік принципі;
Б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
В) оқушылардың музыкалық іс- әрекетінің белсенділігі;
Г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
Д) оқушылардың қызығушылығы: мектептегі музыка пәнінің оқыту әдістемесі оқу ерекшілігіне қарай өз принциптерін ұсынады;
Е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы принциптің бірізділігі;
Ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі ретінде музыкалық шығарманың мәнерлі көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап етеді;
З) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өнердің тығыз байланысы, оқу материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарының жинақталуының өрбіту әдістері;
К) музыкалық іс- әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшіліктерін, ұқсастықтарын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |