Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Ата – аналарға кеңес. Егер:
Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
Баланы мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды.
Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі.
Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Егер сіз балаңызды жақсы көргігіңзікелсе...
Бірінші кеңес.
Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзіне де не керек екенмін деген сезімде болуы, басқаларды құрметтеуді ұғыну жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.