Әртүрлі мәдениеттегі эмоцияларды білдіру және уайымның негізгі ережелері Эмоция



Дата07.02.2022
өлшемі9,02 Kb.
#95715
Байланысты:
Тоғжан психологияя


Шадыбек Тоғжан шта 15
Әртүрлі мәдениеттегі эмоцияларды білдіру және уайымның негізгі
ережелері
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.Эмоция арқылы біз іште жатқан сезімдеріміз бен көңіл-күйімізді білдіре аламыз.Әр халық пен мәдениеттің өздеріне арналған эмоция мен мәдениеті болады.Әр ұлт өз менталитеті мен тәрбиесіне,қоршаған ортасына қарай өз эмоциясын білдіреді.Мысалы,Қазақстанда балаларының көзінше ерлі-зайыптылар бір-біріне жақсы көріп,сүйетіндерін жеткізе алмайды,ал орыс,aғылшын халқы үшін бұл үйреншікті жағдай.
Психологиялық ерекшеліктердің бірі-эмоциялардың қарқындылығын қабылдау.Мысалы, американдықтар жапондықтарға қарағанда бақыт,қайғы мен таңдануды күшті және жарқын түрде білдіретіні дәлелденген.Сондай-ақ, ішкі тәжірибені олардың сыртқы көріністерімен қалай байланыстыратынымызда айырмашылықтар бар. Респонденттерден белгілі бір эмоциялардың көріну дәрежесі бойынша және адамдар бұл эмоцияларды қаншалықты сезінетіні бойынша бағалауды сұрағанда, американдық қатысушылар өздерінің сыртқы көріністеріне жоғары баға берді. Ал жапондар өздерінің ішкі тәжірибелеріне ең жоғары рейтинг берді. Мәдениетаралық айырмашылықтардан адамның эмоцияларын түсінуге болады. Адамдардың бет-әлпетті қабылдау кезінде назарын қайда бағыттайтынын анықтау үшін көздің қимылын бақылайтын зерттеулер әртүрлі мәдениеттерде адамдар ақпаратты әр түрлі жолмен алатындығын көрсетті. Сонымен, Шығыс Азиядан келген еріктілер орталық аймаққа, мұрынның айналасына назар аударып, көзге және көзқарас бағытына көбірек мән берді. Ал Батыс Кавказ өкілдері қас пен ауыз аймағынан мимиканың негізгі сигналдарын алды. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Кәрістер өте эмоционалды халық.Олар өз эмоциясын білдіруге ұялмайды.Қатты күліп жылағаны сізге ерсі көрінуі мүмкін.Бұны кәрістердің теле шоулары мен танымал дорамаларынан байқасақ болады.Адам қайтыс болған сәтте тыныш тұруды жөн көрмейді керісінше бар дауыстарымен жылап эмоциясын барынша көрсетеді.Тіпті тамақ жегенде де шалпылдатын дәмді екенін білдіруге тырысады.Ал қазақтар болса өз эмоцияларын ұстауға тырысады.Кәрістер сияқты тамақ жеу барысындағы эмоциялар біз үшін жат.Біз эмоцияларымызды мимика арқылы емес мадақтау сөздер арқылы білдіреміз.
Сезімдер мен эмоциялар механизмі биологиялық болса да, біз өсіп келе жатқанда оларды мәдениеттің призмасы арқылы сезінеміз. Кейбір адамдар эмоцияларды іште сақтау дұрыс деп айтса, кейбірі оны сақтамай шығарып тастау дұрыс деп есептейді. .Мысалы, көптеген батыс мәдениеттерінде ұят сезімі теріс деп қабылданады. Ал шығыс мәдениеттерінде ұят ұялшақтық пен қарапайымдылықпен бір сатыда тұр бұл әрине жақсы эмоциялар бұл адамның әдептілік пен әдепсіздік сезімінен айырылмайтындығын көрсетеді.

Пайдаланылған Әдебиеттер
1.Халықтар эмоциясы
2.JasGalym.Эмоция туралы зерттеушілердің тұжырымдамалары
3.Жантану атаулары түсіріндірмелі сөздік.Алматы,2006
4.Психология,Адамзат қазынасы.Алматы,2005
5.Аумауытов Ж.Психология Қызылорда,1979

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет