Жаңа 2022 -2023 оқу жылының ерекшеліктері мен талаптары туралы
2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі
3. Оқушылардың оқу құралдарымен қамтылуы
4. «Жолда қауіпсіздікті сақтайық!»
5.»Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» баяндама
Әлемге әйгілі шығыс ғұлама
Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
“Тек ата-ана мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін”
В.А. Сухомлинский
Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет.
Құрметті ата-ана!
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.
Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеукерек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу – үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар.