«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп



Дата08.09.2017
өлшемі61,49 Kb.

Школова Гулдаурен Сагдатовна Мұғалім портфолиосы В3 есебі

№ 3 топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 25.04.2014 жыл



«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп

Еліміздің білім беру жүйесінің өзіне ғаламдық стандартқа сәйкес, жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер еніп жатқаны белгілі. Мұғалімдердің алдарына қойған мақсаты ортақ, ол жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарының сапасын көтеру, оларды тиімді пайдаланумен қатар білімді, ізденімпаз, компьютерлік технологияларды еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде бағдарламаның негізгі ұстанымдары іс жүзінде жүзеге асты. Бұл кезең екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағыт өзімнің күнделікті оқыту тәжірибемдегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оны өткізу барысында жаңа тәсілдерді қолдану. Екінші бағыт-«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен жұмыс». Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізбес бұрын мектеп директоры Ж.С.Құдайбергенов және әріптестеріммен кеңестім. Мен Кембридж бағдарламасын оқыту негізіндегі үш айлық курс туралы, бағдарлама мазмұны мен міндеттерін таныстыру мақсатында кеңестім. Әріптестерімнің курсқа деген қызығушылықтары пайда болды, оқытуда бұл бағдарламаның тиімділігіне бірлесе отырып көз жеткіздік. Сабақтар топтамасын жоспарлауда мектептегі әріптестеріммен жеті модуль идеяларына сәйкес ақылдасып, кеңес сұрап отырдым. Мектеп басшылығы, әріптестерім, психолог мамандары әр сабағыма қатысып, өздерінің тілек, ұсыныстарын, пікір-көзқарастарын білдірді. Жеті модуль идеяларына сай сабақтың құрылымы, оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру сәті, оқытудағы әртүрлі әдіс-тәсілдер, оқушыларды зерттеу, ой-пікірімен бөлісу, мұғалім-оқушы және оқушы-оқушы арасында тығыз байланыс орнату, бағалау жүйесі әріптестерімнің қызығушылығын тудырып, жаңа тәсілге оң көзқарас білдірді. Мектеп басшылығы, әріптестерім: «Жаңа идея, жаңа білім, жаңа тәсіл – болашақ ұрпақтың сыни көзқарасы дамыған, құзырлы, зияткер болуының кепілі», - деп кеңес беріп, өз жоспарымды сәтті іске асыруға оң әсерін тигізді.

Білім беру мақсатына жету үшін сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру менің міндетім. Ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алатынына көз жеткізе отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды сабақ бойы басты назарға алып отырдым.

Курс сындарлы оқытуға негізделген. Сындарлы оқыту кезінде мұғалімнің көзқарасы өзгеріп, білімді әр оқушының бойында өздері қалыптасуларына көмек береді. Бұл курс кәсіби қызметімді, біліктілігімді әрі қарай артуына зор үлес қосады деген үмітім болды. Бұл бағдарлама бойынша «Бірінші бетпе - бет» кезеңінде заман талабына сай білім беру мен оқу үдерісіндегі өзгерістер туралы мәліметтер жинақтадық.

«Бірінші бетпе - бет» кезеңінен кейін мектебімізден тәжірибеден өтіп, мектептегі тәжірибеден кейін курстың «Екінші бетпе – бет» кезеңіне жиналдық. Тренеріміз Джигсо әдісі бойынша 4 топқа бөлініп жұмыс жасайтынымызды айтты. Мектепте орындауға тиісті тапсырмалар бойынша рефлекция жасау үшін ресурс парақтарын таратып берді. Сабақтың алғашқы күні барлық әріптестермен мектептегі тәжірибе кезеңіндегі істегендеріміз туралы бір – бірімізге айтып кеңестік. Топта 5 мұғалім отырдық, топ бойынша мына сұрақтарға жауаптар қарастырдық:

Мектептегі тәжірибе кезінде қандай қиындықтар кездесті?

7 модульді кірістіріп сабақ құру қиын болған жоқ па?

Мектептегі тәжірибе кезінде не оңай болды?

Сіздің портфолиоңыздан тапсырманы орындағандағы нәтижелері туралы нені көруге болады?

Осы сұрақтар бойынша топ ішінде талқылап, таныстырылымдар дайындадық. Топтағы әр мұғалім өз тәжірибесінде өткен жағдайлар туралы ортаға салды, яғни мектептегі тәжірибе кезінде пайдаланған әдіс – тәсілдерді, қиыншылықтарды айтып ой бөлістік. Осындай пікірлесу нәтижесінде ынтымағы жарасқан бір ұжымға айналдық. Талқылау нәтижесінде біздің топтағы бастауыш сынып мұғалімі Өтепова Салтанат кері байланыс, биология пәнінің мұғалімі Декарт ағай сергіту сәті мен кері байланыс, ал ағылшын пәнінің мұғалімі Жансая топтық таныстырылым, менде топты бөлу мен АКТ – ны пайдалану оңай , ал қиын болғаны уақыттың жетпеуі, оқушылардың сөздік қорларының аз болуы, өз ойларын еркін жеткізбеуі сияқты практикадағы сәтті және сәтсіз тұстарды айтып, ой бөлістік. Осы мәселелер бойынша әр топтан бір – бір мұғалім шығып қорғап шықты. Осы жұмысты бітіргеннен кейін әріптестермен кеңесу мен ынтымақтастық атмосферасын құру туралы мәселелер қарастырдық.

Білім беру мақсатына жету үшін сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру менің міндетім. Ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алатынына көз жеткізе отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды басты назарға алғандығымды ортаға салдым.

Талқылау барысында класты ынтмақтастық қарым – қатынасқа түсіру оқушылардың білім алуына да, бір – бірімен пікірлесумен қатар бір – бірлеріне көмек беруге зор үлес қосатынын айтып өттік. Ынтымақтастық атмосферасын құру жайлы айтылып болғаннан кейін қысқа мерзімді жоспарлар туралы талқыладық. Алдымен топта өз қысқа мерзімдерін түсіндіріп кетті, содан кейін барлық топ алдына біздің топтан ағылшын пәнінің мұғалімі Гүлжаһан шығып, оқушылармен қандай жұмыс жүргізгенін атап көрсетіп кетті. Солай әр топтың қысқа мерзімді жоспарлары талқыланды. Талқылану нәтижелерінде мұғалімдердің түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып, сабақ бергенін, сол сабақ беру барысында шамалы болса да оқушылардың және өздерінің де өзгеріске ұшырағанын байқадым. Сындарлы оқыту теориясын пайдалы екенін ашық көрсетті және мен бұл шешімге толықтай келістім. «Екінші бетпе беттің» тағы бір күнінде оқушылардың диологқа түсуі туралы мәселе қозғалды. Оқушылардың диологқа түсіру үшін оқушыларға әріптестерім түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланған екен, соның ішінде сұрақ қойып жауап алу көптеп кездескен. Қайраттың айтуынша сұрақ қоюдың тиімділігі арқылы оқушылар диологқа түседі, білімдері кеңейеді, менде бұған келістім. Менің тәжірибемде де еркін сұрақтар қою нәтижесінде оқушылардың диологқа түсіп, білімге деген ынтасының артқанын байқадым. Оқушылардың диологқа түсуінің оқу үдерісіне әсері туралы топта талқылап, тағы да әр топтан бір мұғалімнен шығып, диологтік оқытудың нәтижелілігін айтып өтті. Тренерлеріміз әр талқылаудан кейін бізге жаңа идеялар ұсынып, өз идеясын қосып отырды. Одан кейін орта мерзімді жоспарларды талқыға салып, толықтыратын жерлерінен ойымызға түйіп алдық.

Және бір сабақ «Жәрмеңке сабақ» түрінде өтті. Бұл кезде сатып алушылар және сатушылар деп бөлініп, әр топқа барып сабақтарында пайдаланған жаңа әдіс – тәсілдермен және идеяларымен бөлістік. Әріптестерім маған пәнаралық байланысты күшейтуге бағытталған әдіс – тәсілдер пайдалану туралы өз идеяларын айтты. Мен әріптестерімнің айтқан кеңесін түртіп алдым. Математика пәнінің мұғалімі мамандары отырған топтағы Асқардың «Қалам стол ортасында» әдісі ұнап, сабақтарымда пайдаланамын деп ой түйдім. Жәрмеңке сабағы бір – бірімізге жаңа ойлар мен идеялардың пайда болуына мүмкіндік берді. Мұндай сабақ түрін мектепке барғанда да пайдалануға болатынын байқадым.

«Екінші бетпе - бет» кезеңінің тағы бір күнінде жеті модульдің бірі тізбектелген сабақтар топтамасының бірінде қалай ықпалдасқанын таныстырумыз керек болды. Тобымыз әр түрлі модульді қарастырған екен, бірақ ортадан бастауыш пәнінің мұғалімі Әсел «Бағалау» атты модульді қолданып жазған есебін әріптестер алдында оқып, 7 ресурс парағы бойынша талдап 3 жұлдыз 1 тілек бойынша ұсыныстар айтып, толықтырулар енгізді. Осылай әр топтан бір - бір мұғалім түрлі нұсқалар қарастырып, есептерін оқыды. Тренеріміз ұсыныстарын айтып, есепті қалай жазу керек үлгісін түсіндіріп кетті. Әр есепті осылай талқылап ұсыныс айта отырып, есептің мазмұнына толықтай өзгеріс енгіздік. Бір модуль туралы есепті болғаннан кейін 1 сабақ бойынша қамтылған есеп топта талқыланды. Талқылау барысында маған ең ұнағаны бағалау түрлері болды. Дәстүрлі сабақта тек мұғалім ғана бағаласа, бұл жерде оқушылар бір – бірін, өзін-өзі бағалайды, ал кері байланыс нәтижесі арқылы келесі сабақты жоспарлай аласың. Мұғалімдер әр түрлі бағалау түрлерін пайдаланған екен. Топта талқыланғаннан кейін басқа мұғалімдермен бөлісу үшін топ атынан мен өзімнің бір сабағымды айтып өттім. Әріптестерімнің ұсыныстары бойынша есебімді толықтырып алдым. Қортыта келе тәжірибемде топтық-ұжымдық жұмысты ұйымдастырып, топтағы оқушылардың қабілеттеріне қарай, әрі жас шамасына қарай тапсырмалар құрастыру және оқушыларды топпен жұмысқа дағдыландыруды жетілдірдім. Осылай топпен бірлесе отырып жасаған жұмыста жан-жақты түсінуге, идеялардың пайда болуына, ойға ой қосылатынына көзім жетті. Сонымен қатар топтық-ұжымдық жұмыстар кезінде оқушылар диалогқа түседі, зерттеушілік әңгіме пайда болады, тыңдау қабілеті мен сенімділік туады, оқушылар бір ой түйіп, ортақ шешімге келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» ІІІ



2 .Ғаламтордан алынған материалдар


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу