Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:
Кіріктіруші;
Реттеуші;
Дамытушы;
Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар: Қорғау;
Түзету;
Теңестіру;
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім [3].
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |