Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар



бет26/100
Дата19.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#75086
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100
2.3.Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар


  1. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру.

  2. Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:

    1. Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек.

    2. Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша.

    3. Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар.

    4. Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына енгізу бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдары – наурыз.

  3. Әдістемелік апталықты өткізу - ақпан .

  4. Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу:

4.1. Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі бойынша – 28-29 тамыз. 4.2. Гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек.

4.3. Жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.



  1. Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:

    1. Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары, оқыту процесін жетілдіру жолдары.

    2. Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары, өзара сабақтарға енуді жоспарлау.

    3. Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.

    4. Оқытудың интерактивті әдістері мен белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге ендіру.

    5. Білім беру процесіне оқытудың тиімді технологияларын ендіру проблемалары мен негізгі жолдары.

  1. Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:

    1. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

    2. Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату.

    3. Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз жағынан қамтамасыз ету.

    4. Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу.

    5. Нормативтік құжаттарды оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу.

    6. Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету.

    7. Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.

    8. Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу.

    9. Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруді жүзеге асыру.

    10. Тәлімгер ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.

    11. Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.

    12. Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.

  1. Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.

  2. Пән апталықтарын ұйымдастырып, өткізу:

    1. Қазақ тілі мен әдебиеті – қыркүйек.

    2. Математика – қазан.

    3. Тарих және қоғамдық пәндер – қараша.

    4. Физика және астрономия – желтоқсан.

    5. Орыс тілі мен әдебиеті – қаңтар.

    6. Химия және биология – ақпан.

    7. Бастауыш сыныптар – наурыз.

    8. Ән-әуез және бейнелеу – сәуір.

    9. Дене тәрбиесі, АӘД және технология – мамыр.

  1. Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жинақтап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабылданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына уақтылы өткізіп отыру.

  2. Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына міндеттеу.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет