Құжаттар мен есеп беру
ШТ туралы ереже.
Білім беру мекемесінің жағдайына талдау.
Алынған нәтижеге талдау және тәжірибені жинақтау.
Проблема бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама.
Әдістемелік нұсқаулар.
Үздіксіз білім берудің негізгі идеясы - мұғалімнің өздігінен білім алуы
Қазіргі кезеңде сапалы білім - деп адамның өзін анықтауға, өзін жетілдіруге, өзін дамытуға мүмкіндік беретін білімді атауға болады. Егер адам келешекте өзін дамытуға қабілетті болса, өздігінен білім алу мақсатына жетті деп есептеледі, мұғалім ары қарай өз даму жолымен (траекториясымен) жұмысын жалғастырады. Білім берудің әртүрлі формалары (курс, семинар, педкеңес, т.б.) келешекте мұғалімнің өздігінен жұмыс істеуіне негіз болатын және әртүрлі әдістемелік жұмыс формасы арқылы іс жүзіне асырып мұғалімге мазмұнды жан-жақты ойлануға бағыттайтын болса, сонда бұл формалар тиімді немесе нәтижелі деп есептеледі.
Тәжірибе көрсеткендей, барлық мұғалім жан-жақты ойлану мақсаты мен өз жұмысын қайта құруға өздігінен ықылас танытпайды. Олар жоспар жасауда, тақырыпты тұжырымдауда /таңдауда/, өз қызметінің болашағын анықтағанда көмекті қажет етеді. Мұғалімдер жиі қоятын сұрақтар:
Менің жұмысымның табысты болуын не қамтамасыз етеді?
Оның нәтижесіне не әсер етеді?
Менің педагогикалық жұмысымның мақсаты қандай? Нәтиже қандай болу керек? Оны қалай өлшейді?
Педагогикалық идея мен міндеттерді тәжірибелік деңгейге қалай ауыстыруға болады?
Осы аталған қиындықтар мұғалімдердің жоғары кәсіби деңгейде ойлауын, ұйымдастыру мәдениетін, тұрақты өзін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру білім беру мекемесінде өздігінен білім алу тәжірибесін үздіксіз меңгеруге ұмтылу мақсатындағы өздігінен білім алуды дамытуға жағдай тудырудың қажеттілігін көрсетеді.
Білім беру мекемесінде өздігінен білім алудағы басты /жетекші/ рөлді әдістемелік қызмет аткарады.
Диагностиканың материалы негізінде әдістемелік қызметтің бірінші кезеңінде мұғалімдердің өздігінен білім алу тақырыбын түзетіп, тұжырымдау және олардың жұмыс жоспарын дұрыс құруына көмектесу. Әркімнің өздігінен білім алуы сол білім беру мекеме проблемасының өрісімен сәйкестікте болса, онда ол мәнді болады. Мұғалімнің кәсіби ойлауы мен шеберлік деңгейін анықтайтын жұмыс бағытын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл үдерістің жоспарлы сипаты мұғалімге жүйелілік пен айқындық береді. Жоспардың өзі 4 бөлімнен тұрады:
1. Оқу /зерттеу/ үшін негізгі сұрақтар;
2. Белгілі сұрақтың материалы бойынша жұмыс кезеңдері.
3. Тәжірибе өнімі (сабақ, баяндама, әдістемелік басылым).
4. Қайда, қашан және қалай іс жүзіне асырылады.
Белгілі бір тақырыпта өздігінен білім алу үдерісі талдаумен аяқталады. Орындалған жұмыстың тиімділігін өзі бағалайды, қажет болғанда педагогикалық қызметке түзету жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |