Шығармашылық топтың (ШТ) құрылу мақсаты: ШТ педагогикалық шеберлік пен ғылыми зерттеу және мұғалімнің іскерлік біліктілігін шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттыру жолы арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту мақсатында құрылады.
ШТ міндеттері:
1. Проблемаға байланысты педагогикалық процестің нақты жағдайына талдау жасау;
Осы проблема бойынша педагогикалық ғылым жетістіктерін мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге көмектесу, әдебиеттерді оқу;
Мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіруде мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру;
Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметіне зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туғызу.
Жұмысты іс-жүзіне асыру мен жетілдіру процесін жобалау;
Өздері жасаған не басқалар жасаған жобаға не үлгіге эксперименттік апробация /анықтау, мақұлдау/ жасау.
Жобаны енгізудің тиімділігіне талдау.
ШТ-та алынған нәтиже негізінде әдістемелік ұсыныс жасап шығару.
Өз зерттеу жұмыстарын педагогикалық ұжымға талқылауға ұсыну (педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференция, т.б.).
10. Материалды баспадан шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |