Жас директорға педагогикалық кеңесті өткізу туралы
жаднама
Педкеңес тақырыбына сәйкес нормативті-құқықтық құжаттарды, психо – педагогикалық және басқа да әдебиеттерді оқып таныс.
Педкеңеске дайындық жүргізетін ұйымдастыру тобын құр, педкеңеске дайындықтың бағдарламасын құрастыр.Уақытын белгіле, кім жауапты, кімдер сөйлейді. Сабақтар мен іс-шараларға қатысу. Теориялық –тәжірибелік семинар, ӘБ отырысын, әдістемелік кеңес, директордың жанындағы отырысты өткіз (қажеттілігіне қарай).
Әдістемелік кеңесте педкеңестің техникалық жағынан қамтамасыз етілуін ойластыр.
Дидактикалық жаңалықты қолдана отырып педкеңесті өткізудің формасын, әдіс – тәсілін ойластыр.
Педкеңес шешімінің жобасын дайындау және ұжымды алдын ала шешімнің жобасымен таныстыру.
Педкеңес материалын жеке папкаға тігіп, дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |