Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны



бет95/100
Дата19.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#75086
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Тәжірибелілер әртүрлі әдістерді қолдану.

Теоретиктер оқушылардың білім сапасын арттыруға теориялық жағынан көмек беру.

Пессимистер /түңілушілер/ әртүрлі технологияларды қолданудың қажеті жоқ.

Оптимистер /өмірге сеніммен қараушылар/ әртүрлі технологияларды қолданудың қажеттілігін дәлелдеу.

Педагогикалық кеңес өтетін орынды безендіру /тақырыпқа сәйкес нақылдар, атақты педагогтердің, ғалымдарың сөздерін жазып қою/.



Педагогикалық кеңестің өтуі.

І кезең Директордың кіріспе сөзі (өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы, осы кеңестің тақырыбы, мақсаты).

ІІ кезең Педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша ойға шомдыру. Барлығың оң қолыңыздың контурын мына берілген параққа сызыңыз да алақаныңызға осы педкеңес тақырыбына байланысты мұғалімнің сезімін білдіретін сөз, сөз тіркесін жазыңыз. Осы парақтың екінші бетін екі бөлікке бөліңіз. Бірінші бөлігіне 1-ші беттегі сөздердің ішінен негізгісін алыңыз да сол сөзге оң синоним, 2-ші бөлікке онтоним жазыңыз. Негізгі сөзді және әр бөліктегі синоним мен онтонимдерден 3 сөзден алып эссе жазыңыз. Кеңеске қатысып отырған мұғалімдер өз еріктері бойынша ойларымен бөліседі.

ІІІ кезең Жұмысқа жұмылдыру кезеңі. Педкеңесті өткізіп тұрған директордың орынбасары қатысушыларға төмендегідей сұрақ қояды: «Педагогикалық кеңесті неге осы тақырыпта өткізу қажеттілігі туды. Қалай ойлайсыз?»

Тақтада жаңа технологияны енгізу мен үлгерім нәтижесі арасындағы қарамақайшылықты бейнелеген кесте көрсетіледі. Топтарға бөліп оларға оның туу себебі неде екендігін анықтауға тапсырма береді.

Проблеманы шешу жолдары
жаңа технологияны енгізу жұмыс аяқталғаннан

мен үлгерім нәтижесі ----------------------------- кейінгі

арасындағы қарамақайшылық қорытынды
Кесте №1 Бұл кестеде мектептегі пән бірлестіктері бойынша жаңа технологияны меңгерген және сабақтарында қолданып жүрген мұғалімдер саны көрсетіледі.

Кесте №2. Соңғы 2 жылдағы 3-11 сыныптар бойынша «4» пен «5» үлгерген оқушылардың пайыз саны, яғни үлгерім нәтижесі көрсетіледі.

Мұғалімдер «Оқушы білімінің сапасы артуына мүмкіндік туғызатын әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында өткен тексеру қорытындысының нәтижесін хабарлайды.



ІV кезең Ұғыну, түсіну кезеңі. Педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша директор орынбасарының баяндамасы. Баяндама барысында мұғалімдер проблеманың себептерін белгілеп отырады.

Баяндаманың жалпы мазмұны: Білім сапасы ...; ҚР –ғы білім берудегі өзгерістер....; Сапаны көтерудің негізгі бағыты жалпы білім берудің мазмұны мен құрылымын жетілдіру болып табылады. ....; т.б.

Мұғалімдерден білім сапасы туралы сауалнама алынған, сондағы олардың түсінігі:


Білім сапасы дегенді Сіздер қалай түсінесіздер?

%

Интеллектуалды дамуы, білімге ынталандыру, өздігінен білім алуы, оқушының шығармашылық қабілеті;

84,7

Оқушының денсаулық жағдайы, оның жұмысқа қабілеттілігі және өмірге төзімділігі.

38,5

Білім сапасының көрсеткіші, үлгерімі, мектеп бітірушінің ЖОО түсуі.

15,4

Білім беру процесінің сапа көрсеткіші.

21,4

Оқушылардың тәрбиесі мен әлеуметтік жекедаму көрсеткіші.

21,4

Жұмысқа орналасу кезіндегі талап ететін көрсеткіш

7,1

Сауалнама қорытындысы бойынша мұғалімдердің сапа туралы түсінігі негізінен оқушылардың интеллектуалды дамуы, білімге ынталандыру, өздігінен білім алуы, оқушының шығармашылық қабілетіне байланысты деп, ал аз бөлігі ғана білім беру процесінің сапасын көрсеткен.

Бір де біреуі мектептегі сапа көрсеткішіне басты әсер ететіндер мұғалімнің кәсіби біліктілігі, жаңа технологиялар, білім беру процесін қазіргі жағдайға сай қамтамасыз ету, мұғалім мен оқушының өзара түсіністіктегі қарым қатынасының болуы, білім берудегі гуманистік көзқарас деп жазбаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет