Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмыс алгоритмі осындай болуы мүмкін
1. Тақырыпты таңдау, мақсатты анықтау, кәсіби қажеттілікке байланысты міндетті қою.
2. Өздігінен білім алу жоспарын жасау.
3. Ақпарат көздерін анықтау.
4. Теориялық материалдарды оқу.
5. Дайындалған материалдар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару (ашық сабақ пен іс шараларды дайындау және өткізу).
6. Дайындалған материалдарды жүйелеу, оны безендіру мен түзету жұмысы және оның нәтижесін объективті бағалау.
7. Өздігінен білім алу тақырыбы бойынша есепті дайындау.
8. Алдағы жұмысты болжау мен оның тиімділігін анықтау.
Әдістемелік кеңеске қажетті өздігінен білім алудың алқалық жағдайда тиімді критерийін жасау. Онда мыналар ескерілуі керек:
1. Тақырып мұғалімнің қажеттілігіне сай және проблемалық сипатта.
2. Жоспар сапалы жасалған (мақсат дұрыс анықталып, міндет қойылған, мазмұн материалдары толық салынған).
3. Жоспардың ғылыми негіздемесі жасалған.
4. Педагогикалық қызметтің бұл бағыт бойынша нәтижелілігі анықталған.
5. Педагогикалық еңбектің болашағы мен мәнділігі бақыланады.
6. Оқушы қызмет нәтижесінің оң динамикасы байқалады.
7. Мұғалімнің өздігінен білім алуды жалғастыру ынтасы айқын.
8. Бұл тақырып бойынша педагогикалық кеңес тарапынан қызығушылық байқалды.
9. Қойылған міндетті шешуде шығармашылық әрекеттің қабілеті көрінді.
10.Әлеуметтік (басқалар үшін өзіне жауапкершілік алу қабілеті), психологиялық (өздігінен білім алудың рөлін түсіну) құзыреттілігі қалыптасуда.
11. Өз жұмысында ақпараттық технологияны қолдану қабілеті дамытылуда.
Мұғалімдерге нақты көмек педагогикалық кеңес, семинар, педконсилиумдар, әртүрлі әкімшілік оырыстар арқылы көрсетіледі. Олардың тақырыптары әдістемелік проблемамен байланысты және педагогикалық ұжым шешуге ұмтылған /ынталанған/ негізгі проблемалық сұрақтарды қамтыған. Мектеп және қоғам өмірінде туындаған өзекті педагогикалық проблема мен оның сұрақтар бойынша ұжымға қызмет ететін жұмыстың дәстүрлі формасы - тұрақты жүргізілетін педагогикалық семинар. Семинарға дайындыққа педагогикалық ұжымның барлық мұшелері жұмылдырылады. Мұнда мұғалімдердің жобалары, жаңа әдебиеттер талқыланады және тәжірибелік тапсырмалар мен іскерлік ойындар ұсынылады. Алынған бағытына байланысты ғылыми - тәжірибелік конференция мен семинарлардың мақсаты, міндеті, қызметі, құрылымы және өткізілу формасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |