білім ұйымдары мәселелер бойынша зертхана меңгерушілері;
әдістемелік кабинеттің әдіскерлері;
білім ұйымы басшысының әдістемелікжұмысы жөніндегі орынбасарлары;
әдістемелік кеңестің төрағасы - әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
Әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастыру
әдістемелік кеңес өзінің отырыстарын қажет болған жағдайда білім ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес өткізеді;
әдістемелік кеңес демократиялық, жариялылық, сыйластық негізінде және педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерін есепке ала отырыпөз жұмысын жүргізеді;
әдістемелік кеңестің екі немесе үшеуден кем емес мұшелері болған жағдайда, әдістемелік кеңестің отырыстары құқылы болып есептеледі;
әдістемелік кеңестің барлық отырыстары ашық деп жарияланады, онда кеңестік дауыс беру құқығына ие білім ұйымдары өкілдері қатыса алады;
әдістемелік кеңес қабылдаған шешімдер туралы білім ұйымдарының директорларына, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына үнемі хабар беріліп отырады;
қажет болған жағдайда әдістемелік кеңестің шешімі бұйрықпен расталады.