Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Сараптамалық кеңес құрылымы



бет85/100
Дата19.07.2020
өлшемі0,74 Mb.
#75086
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100
Сараптамалық кеңес құрылымы

3.1. Кеңес құрамына енеді:

- кеңес төрағасы

- хатшы

- кеңес мүшелері.

3.2. Кеңес құрамы білім бөлімі бастығының бұйрығымен бекітіледі. Ғылыми біліктілігі бар маман немесе зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар педагог төраға болып тағайындалуы мүмкін.

3.3. Кеңес төрағасының қызметі:

- кеңес қызметін жосапрлау және ұйымдастыру;

- кеңес отырыстарын жүргізу;

- зерттеу жұмысының жоғары нәтижелері үшін педагогтар мен мектеп ұжымын ынталандыру туралы ұсыныстар енгізу;

- кеңес қызметі туралы есепті дайындау.

3.4. Кеңес хатшысы кеңес мүшелерінен сайланады және келесі қызметті атқарады:

- кеңесте талқыланатын жобалық материалдарды дайындау;

- болатын отырыстың күн тәртібі туралы кеңес мүшелерін уақытында хабарландыру және оларды ұсынылған материалдармен таныстыру;

- қажет болған жағдайда басқа мекемеден тәуелсіз қызметкерді сараптама үшін шақыру;

- кеңес отырысының хаттамасын жүргізу;

- кеңес құжаттамаларын рәсімдеу.

3.5. Кеңес мүшелерінде ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыс, оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік материалдарды жасау тәжірибесі болу керек. Олардың қызметтеріне мыналар жатады:

- авторлық шығармашылық жұмыстардың, тәжірибелік алаңдардың бастапқы талдауы;

- ұсынылған материалдарды талқылауда, пысықтау бойынша ұсыныстарды өңдеуге қатысу;

- озық педагогикалық тәжірибе, эксперименттер әдістемелік материалдарының ғылымилық дәрежесін, құндылығын белгілеу;

- эксперимент жобаларын әзірлеуде көмек беру;

- мамандандырылған, бейіндік, тереңдетіп оқытатын сыныптарды ашу туралы ұсыныстарды қабылдау;

- қажет болған жағдайда сараптамалық кеңес мүшесі басқа мекемеден тәуелсіз қызметкерді сараптама үшін шақыруға құқылы, нәтижелері сараптамалық кеңес отырысында баяндалады;

- кеңес шешімдерін жүзеге асыруға қатысу.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс нәтижелерін қадағалау қорытындылары бойынша аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес жалпы білім беретін мекемеге эксперимент барысына түзету жүргізу ұсынысын беруге немесе келесі жағдайларда оны тоқтатуға құқылы;

- бекітілген тұжырымдама мен тәжірибелік жұмыс жобасынан айтарлықтай ауытқығанда;

- эксперименттің теріс салдарын айқындағанда.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет