Білім беру мазмұнын құрайтын компоненттерінің бірі - оқулықтар. Жаңа буын оқулықтарының бұрынғы оқулықтардан негізгі ерекшеліктері: оқулықтарды қазақстандық авторлар құрамының жазуы және осы оқулықтарда қазақстандық ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармалары мен ғалымдар еңбектерінің берілуі;
мәтіндер Кеңес идеологиясы (коммунист – капиталист, бай – кедей) тақырыбының ықпалынан арылғандығы;
материалдарда тарих, әдет-ғұрып, батырлар жырлары, ұлағатты ақыл-ойшылдардың нақыл сөздері, бір сөзбен айтқанда азаматтық-елжандылық сезімдерін оятатын этномәдени белгілерді қамтуы.
Алайда төл оқулықтардың бәрі бірдей мінсіз деуге болмайды. Кейбір оқулықтардың сапасы ойдағыдай болмағанын да айта кеткен жөн. Сөйтсе де, біз кемшіліктерді әр пән бойынша сараламай жалпы олқылықтарға тоқталдық. Олар төмендегідей:
білім мазмұнында шығармашылық міндеттердің шешілуі, қабілетті дамыту кең түрде қарастырылмаған;
оқулықтарда дамыта оқытудың мүмкін үлгілері толық қамтылмаған;
оқулық мазмұнында міндетті және мүмкіндік деңгейлері, саралап оқыту жүйесі дұрыс жолға қойылмаған;
көптеген оқулықтар мәтін, сұрақ, тапсырмамен шектелген.
Жоғарыда көрсетілген және тағы басқа аталмаған кемшіліктерді ескеріп, жаңа буын оқулықтарын шығару барысында жинақталған тәжірибелерді, педагогикадағы озық идеялар мен жаңа технология, жаңа үрдістермен қаруланып болашақтың жаңа типті оқулықтарын дайындау сияқты жауапты да маңызды жұмыс алдымызда тұр. Ол оқулықтар бұрыннан келе жатқан сапалы, ғылыми түсінікті, қысқа, дәл, тілі жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келуімен бірге, оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне ықпал ететін, сұхбаттасып, кеңес беретіндей деңгейде жазылуы қажет. Оқулықта ізгілендіру, дифференциялау (саралап), интеграциялау, гуманитарландыру, экологияландыру принциптері жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан педагогика ғылымындағы
Достарыңызбен бөлісу: |