Мектептің өмірмен байланысын нығайту және ссср-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы



бет4/8
Дата12.12.2023
өлшемі27,1 Kb.
#196646
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-69066

Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында:
-қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері, музыка, сауат ашу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлеміне өзгерістер енгізілді;
- оқушылар дайындығының деңгейін анықтау өлшеуіштері айқындалды;
-оқушылардың дайындық деңгейін бақылайтын көрсеткіш ретінде тест тапсырмаларының үлгісі жасалды т.б.
Осы тұста білім беру мазмұнының қалыптасып дамуына Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандартының авторлары сол кездегі Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының бастауыш білім беру лабораториясының меңгерушісі К.Ж.Жүнісова, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғалымдары С.Рахметова, Т.Оспанов, Г.Уайсова, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ғылыми қызметкерлері П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова, Г.Бадамбаева, З.Айдарова, Ш.Құлманова, Т.Оралбекова, М.Тұрыскелдиева елеулі үлесті қосты.
Олар стандарт жасау барысында мына мәселелерді басты назарда ұстады:
1) шешуді қажет ететін келелі мәселелер;
2) өткен тәжірибедегі жетістіктер;
3) сол саланың әлемдік деңгейдегі даму тенденциясы.
Бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандарты біздің республика
мызда 1998 жылы қабылданды. Оның құрылымы төмендегідей түзілген еді:
1. Жалпы сипаттама.
1.1 Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.
1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.
2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.
3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.
Бірақ бұл стандарттың құрылымы мемлекеттік стандарт талабына сәйкес жасалмағандықтан, мемлекеттік стандарттау ұлттық орталығында тіркеуден өтпеді. Сондықтан 2002 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымын білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған болатын.
Жалпы бастауыш білім стандарты Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым Министірінің бұйрығымен 2002 жылы бекітіліп 2003 жылы жарық көрген болатын.
Аталған мемлекеттік стандарттың жаңа құрылымы мынадай мазмұнда ұсынылды:
1. Қолдану аймағы.
2. Нормативтік сілтемелер.
3. Анықтамалар және қысқарған сөздер.
4. Жалпы ережелер.
5. Пәннің жалпы сипаттамасы.
6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
8. Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.
9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар (Кесте 3 ). 
Кесте 3 - Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттарының салыстырмалы құрылымы. 

 
1998 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы

 
2003 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы

 
1. Жалпы сипаттама.
1.1. Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.
1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.
2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.
3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.

 
1. Қолдану аймағы.
2. Нормативтік сілтемелер.
3. Анықтамалар және қысқарған сөздер.
4. Жалпы ережелер.
5. Пәннің жалпы сипаттамасы.
6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
8. Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.
9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар.

Жаңадан қабылданған бастауыш білім стандартында пәннің мақсаты, міндеттері белгіленді. Стандарт құрылымы негізгі ғылыми талаптарға сәйкес жүйеленді, базалық білім мазмұны нақтыланды, оқушылар біліміне қойылатын талаптар айқындалды, «білім», «білік» ұғымдары жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан негізделді. Онда берілген пәндер бойынша берілетін білімнің басқа пәндермен сабақтастығын айқындау, дамыта оқытудың мүмкіндіктерін қарастыруға қатысты негізгі көрсеткіштерге баса көңіл бөлінді. Оқушылар білімін бағалау тәсілдері жасалды. Білім стандартының компоненттеріне оқушы білімін бағалау және тексеру жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде білімді бағалау талаптары мен ережелері ескеріліп, оның жаңа білім мазмұны мен оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейінен шығу жағына баса назар аударылды.
Бұндай негізгі мақсаттарға жету үшін 2003 жылы қабылданған білім стандартында төмендегідей міндеттерге көңіл бөлінген болатын:
- мектепке дейінгі тәрбие үрдісін ескеріп, сабақтастыру;
- оқушының қоршаған дүние мен әлеуметтік ортаға бейімделуі;
- оқу әрекеттерінің икемділігін, оқуды негізгі сатыда одан әрі жалғастыруға қажетті жалпы білімділіктің бір деңгейін меңгеру;
- өзінің өзгелермен қатынас мәдениетін, эстетикалық және экологиялық нормаларды қалыптастыру;
- дүние туралы ең қажетті түсінік алу (көркем және ғылыми-бұқаралық әдебиет материалдары бойынша дүниенің ғылыми бейнесі туралы білім элементтерін);
- мемлекеттік стандартта белгіленген бастауыш білімнің ең қажетті минимум мазмұнын, әрбір пән бойынша оқушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
- әрбір пәнге жалпы сипаттама беріліп, оқу жүктемесінің жалпы көлемі, оқу бағдарламаларының базалық мазмұны белгілеу.
Жетілдірілген білім стандартында оқушылардың әл-қуатына, қызығушылығы мен икемділігіне қарай, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуына жағдай жасай отырып, міндетті (минималдық) деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.
Өз елінің, Отанының, ұлтының тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, табиғаты, табиғи байлығы тұрғысынан білім беру негізінде оқушының оқу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға, қарым-қатынас мүмкіндіктерін тәрбиелеуді жүзеге асыруға білім мазмұнын бағыттау міндетін бағдарға алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет