Аббот әдісі; мұнда есепті сипаттау кәдімгі адамның тілімен сипатталынады;
118. CRC - карточкалар.
Олар кәдімгі картоннан жасалынған карточкалар. Олардың беттеріне олар жауап беретін класс аттары мен қандай кластармен байланыста болатыны туралы мәліметтер жазылады. (Мұндағы CRC – Class – Responsibilities – Collaborators – класс – жауапкершілік - қатысушылар);
119. Буч әдісі.
Осы UML – дың негізі болды; кейбір өзгерістер енгізу арқылы осы Буч әдісінен UML құрастырылды.
120. UML тілі және оның құрылымы.
Бірыңғайландырудың модельденген тілі (Unified Modeling Language -UML) - бұл бағдарламалық жүйелерді ерекшелендіру, бұрыштама қою, конструкциялау және құжаттамалау, сондай-ақ модельдер бизнесі мен өзге де бағдарламалық емес жүйелердің тілі болып табылады. UML - бірыңғай модельдендіру тілі. Оны құруға индустрияның қандай да бір дәрежесінде болмасын барлық салалары қатысты болғандықтан, "UML -бұл бағдарламалық жүйелердің артефактілерін көрсету, спецификациялау, конструкциялау және құжаттандыру, сондай-ақ бизнес-процесстердің және бағдарламалық емес жүйелердің тілі. UML тілі біріншіден бағдарламалық жүйелерді жасауға арналған. Оны пайдалану келесідегі салаларда әсіресе тиімді болмақ:
• кәсіпорын көлеміндегі ақпараттық жүйеде;
• банктік және қаржы қызметтерінде;
• телекоммуникацияда;
• транспортта;
• қорғаныс өнеркәсібінде, авиацияда және космонавтикада;
• бөлшектеп сату саудасында;
• медициналық электроникада;
• ғылымда;
• үлестірілген Web-жүйелерде.
121. Прецеденттер диаграммасы.
Прецеденттер диаграммасы - актерлер мен қолданушылар арасындағы қатынастарды бейнелейтін диаграмма және жүйені тұжырымдамалық деңгейде сипаттауға мүмкіндік беретін пайдалану үлгісінің ажырамас бөлігі.
122. модельдеудің UML әмбебап тілі.
UML (Unified Modeling Language – үйлестірілген модельдеу тілі 1997 жылы пайда болды. Бұл тіл Айвар Якобсон (Ivar Jacobson), Джеймс Румбах (James Rumbaugh) және Гради Буч (Grady Booch) еңбектерінің негізінде құрастырылып, стандарты қабылданған. Осы тілдің UML2.0 спецификациясы 2004 жылдың қараша айында қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |