Зертханалық жұмыс №9
Болжаудағы көп өлшемді статистикалық тәсілдерді компьютерлік жасалуы.
Сабақтың мақсаты: Көп өлшемді болжаудың тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру.
Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.
1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.
2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.
3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.
4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.
5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |