Мемлекет және құқық теориясы ғылым және оқу пәні ретінде. Мемлекет және құқықтың теориясының пәні мен әдістері



Дата07.02.2022
өлшемі15,99 Kb.
#85380
Байланысты:
Мемлекет және құқық теориясы 1 тақырып


Мемлекет және құқық теориясы ғылым және оқу пәні ретінде. Мемлекет және құқықтың теориясының пәні мен әдістері.
1.Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы мен ерекшеліктері.
Мемлекет және құқық теориясы – заң ғылымының негізгі бөлігі, ол мемлекет пен құқықтың өзара байланысы мен даму заңдылықтары жайлы толыққанды білім беретін ғылым саласы болып табылады.Мемлекет және құқық теориясының басты мақсаты мемлекеттік құқық құбылыстарды өзара байланыстыра зерттеп олардың мәнін ашып көрсету арқылы осы санаттарға қатысты барынша толыққанды ақпарат беру. Мемлекет және құқық теориясы дегеніміз – мемлекет пен құқыққа қатысты объективтік ақиқатты толыққанды түсіндіретін біртұтас ғылым.
2.Мемлекет және құқық теориясының пәні.
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу пәні тек орнықтырылған құбылыстар ғана болуы мүмкін емес ол мемлекеттегі орын алған жағдайларға, оқиғалар нәтижесіне байланысты орын алған өзгерістерді де зерттейді. Кеңестік дәуірде мемлекет және құқық теориясын зерттеу пәніне буржуазиялық мемлекеттің күйреу мәселелері, пролетарият диктатурасының орнығуы халықтық мемлекет орнату мәселелер жатқызылған болатын. Ал қазіргі кезде құқықтық мемлекет, билік бөлінісі, азаматтық қоғам және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шықты.
3.Мемлекет және құқық теориясы әдістері.
Әр ғылымның ақиқатқа жету үшін қолданылатын әдіс – тәсілерінің жиынтығы сол ғылымның методологиясын құрайды. Мемлекет және құқық теориясы философия, әлеуметтану,саяси экономия, саясаттану, этнография сияқты қоғамдық ғылымдармен, ең алдымен ғылыми танымының методологиялық аясына қарай тығыз байланыста дамиды сондықтан осы ғылым салаларына тән әдіс тәсілдерді қолдану мемлекет және құқық теориясын одан әрі дамыта түседі. Кеңестің кезеңде мемлекет және құқық теориясының зерттеу әдістері негізінен таптық партиялық ұстанымдарға бағынышты болды, бұл өз кезегінде мемлекет пен құқыққа, олардың нақты өмірде орын алуына біржақты баға беруге алып келді. Қазіргі кезде мемлекет және құқық теориясының әдістерін үш топқа бөлуге болады. Олар: философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер. Философиялық әдістерге метафизикалық және диалектикалық әдістерді жатқызуға болады.
Жеке ғылыми әдістерге әртүрлі ғылым саласында пайдаланылатын және мемлекеттік – құқықтық құбылыстарға қатысты нақты білім алуды қамтамасыз ететін әдістерді жатқызамыз.
Әлеуметтанушылық әдіс арқылы қоғамдық өмірде мемлекеттік құқықтық болмысқа қатысты орын алған нақты фактіні алып соны әртүрлі әлеуметтанушылық әдістер арқылы зерттеу нәтижесінде нақты бағалау мен қортындыға келеді.
Салыстырмалы әдіс арқылы әртүрлі мемлекеттік құқықтық құбылыстарды салыстырып нәтижесінде нақты ой мен қортындыға келуге болады. Салыстырмалы әдіс арқылы тек ұқсастықтарға ғана емес, нақты айырмашылықтарға да назар аударылады.
Статистикадық әдіс нақты мемлекеттік құқықтық құбылыстың жағдайын айқындау үшін соған қатысты сандық көрсеткіштерді талдау мен байланысты. Статистикалық әдіс арқылы жиі қайталанатын немесе бұқаралық сипат алған мемлекеттік құқықтық құбылыс бойынша мәліметтер талдауға түсіп, сараланып нақты қортынды жасалады.
Кибернетикалық әдіс кибернетикалық заңдылықтармен түсініктерді кибернетикалық техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. Бұл әдіс көбіне нақты мемлекеттік құқықтық құбылысқа қатысты ақпараттарды өңдеу, сақтау, ақпараттар бахасын толтыру мен байланысты қолданылады.
4.Мемлекеттік кезеңге дейінгі әлеуметтік биліктің жалпы сипаты.
Алғашқы қоғамға тән биліктің әлеуметтік қызметінің ұғымы рудың ақсақалдар кеңесімен халықтық жиналыстарымен жүзеге асырылған тайпалардың фратриялардың, рулардың қоғамдық билігі. Мұндай билік өзінің қайнар көзінен және оның тасушысынан бөлінбейді, қоғамның жалпы мүдделілері мен қажеттіліктерін білдіреді және оның жалпы істерін басқару үшін қолданылады. Мұндай билік мемлекеттік сипатқа ие болмайды ол қоғамдық билік түрінде немесе әлеуметтік мағынадағы билік ретінде көрініс табады. Ол ұжым түрінде ұйымдасқан адамдарға тек таптық емес қоғам жайында ғана тиесілі болып қана қоймайды ол таптарға бөлінген қоғамға да тән болуы мүмкін.
5.Мемлекеттің пайда болу себептері.
Адамзат қоғамы пайда болған уақыттан бері ұзақ даму үрдісін бастан кешірді.Бастапқы кезден-ақ адамдар бірігіп қауымдаса тіршілік ете бастады.Оның басты себебі жеке адамның қауқарсыздығы еді.Біріге отырып отбасылар қалыптаса бастады.Осылайша,рулық билік басына ер адамдар шоғырланды,сонымен қатар,әке билігіне сүйенген, бірнеше ұрпақтан құралған ер адамдар құрған күшті отбасылар қалыптасты.Біртіндеп рулар іріленіп фратияларға айналды.Фратрия бірнеше рудан құралды.Кейіннен бірнеше фратриялар тайпаға бірікті.Тайпаны басқаруда басты орган болып әр рудың беделді ақсақалдары мен әскери басшыларынан құралған тайпа кеңесі танылды. Кейбір халықтарда тайпалардан өзге тайпалар одағы құрылды. Бұл көбінесе көшпелі тайпаларға тән ерекшелік болды. Мысалы, кезіндегі ғұн тайпалық бірлестігі көптеген соғыстар мен жаулап алушылықтар нәтижесінде күшті империяға айналғандығы тарихтан белгілі. Бұл деректер арқылы көшпелі тайпалар одағының біртіндеп іріленіп толыққанды мемлекет ретінде өмір сүргенін айта аламыз.
6.Мемлекеттің пайда болу нысандары.
Мемлекет қалыптасқан соң оны ары қарай дамыту, қоғамды басқару, билікті жүзеге асыру, халықпен билік арсындағы байланысты арттыру сияқты мәселелер күн тәртібінен түспейді. Осы себептен де мемлекетті басқару мен оның құрылымы жағынан қалыптастырылуымен және билікті жүзеге асырумен байланысты мәселелер мемлекет нысанын қалыптастыруды талап етеді. Мемлекет нысанына әртүрлі тарихи жағдайлармен оқиғалар тікелей әсер етуі мүмкін сонымен қатар онда өмір сүретін халықтың тілі, мәдени деңгейі, саяси нысанының деңгейі, діні, ұлттық құрамы, өмір сүретін ортасының табиғи ерекшеліктері және тағы басқа факторлар әсерін тигізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет