Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы


Әлеуметтік нормалардың түсінігі



бет101/195
Дата09.05.2020
өлшемі0,74 Mb.
#66741
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   195
Байланысты:
b398 (1)
b398 (1)
54 Әлеуметтік нормалардың түсінігі

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар, арап айтқанда құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары болып табылады.



Әлеуметтік нормаларбұл адамдардың мінез – құлқын, және олардың ара – қатынасын, ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мінез –құлық ережелері.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

- әлеуметтік нормалар адамдардың мінез–құлық ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, мемлекет пікірі бойынша адамдардың мінез–құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.

- әлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.

- әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері. Құқықтық нормаға емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет