55 Әлеуметтік нормалардың түрлері
Әлеуметтік нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесідей топтастырылады:
1) Құқық нормалары – бұл мемлекет бекітетін және қорғайтын мінез – құлық ережелері.
2) Мораль нормалары – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар–ождан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері.
3) Қоғамдық ұйымның нормалары – бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез – құлық ережелері.
4) Әдет нормалары – бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде адамдардың әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез–құлық ережелері.
5) Салт–дәстүр нормалары – бұл адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сәйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез – құлық ережелері.
6) Ритуал нормалары - бұл әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез – құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады.
7) Діни нормалар – бұл әр түрлі діннің ерекшелігіне байланысты қалыптасқан ережелер.
Достарыңызбен бөлісу: |