67 Заң шығару үрдісінің сатылары
Заң шығарушы үрдіс – бұл құқық шығармашылық үрдістің құрамдас бөлігі. Тек заңдарды қабылдау осы үрдісті тұтастай сипаттайды. Құқық шығармашылықтың өнімі ретінде заңдар, сондай-ақ заңға тәуелді актілер құқықтық әдет, нормативтік шарттар, заңи прецедент те бола алады.
Заң шығарушылық – күрделі, біртексіз үрдіс және келесі сатылардан тұрады:
1) заң шығару бастамашылығы құқықғы – ҚР Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару не заң жобасына өзгертулер ұсыну құқықғы бар субъектілерді анықтайды. Заң шығару бастамашылық құқығы Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Заң жобасын ресми еңгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылық құқығы заң шығарушы органда заң жобасын және ұсынысты қарау міндетін туғызады, бірақ оны қабылдау немесе бас тарту – заң шығарушының құқығы. Бұндай ұсыныстар қажетті қамтамасыз етілуі керек.
ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес, заң шығарушылық бастамашылық құқық Парламент депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және ол тек Мәжілісте іске асады.
2) заң жобасын талқылау – заң жобасы ең алдымен Мәжілісте талқыланады, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қаралған және құпталған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен кешіктірілмей қаралады. Бұл кезеңнің қажеттілігі жобаның жоғары сапа деңгейіне жеткізу, қарама – қайшылықтарды, нақтылықсыздықты, кемшіліктерді жоюмен байланысты.
3) заңды қабылдау, дауыс берудің екі механизмі көмегімен (жай көпшілік және білікті көпшілік) жетуге болады. Заңды қабылдау – ең басты саты және ол үш кезеңге бөлінеді:
- заңды Мәжілістің қабылдауы;
- заңды Сенаттың қолдауы, кейін 10 күн ішінде Президентке ұсынуы;
- ҚР Президентінің заңға қол қоюы. Президент 15 күн ішінде заңға қол қояды немесе қайтадан талқылау және дауыс беру үшін заңды қайтарады.
Президент қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.
4) заңды жариялау. Заңдар ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді, егер заңмен оның күшіне енуі туралы өзге мерзім көзделмесе.
Барлық заңдар ресми қайнар көздерде «Егеменді Қазақстан», «ҚР заңнамалар жинағында», «Заң газетінде» жарияланады.
68 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және инкорпорацияның түсінігі
Достарыңызбен бөлісу: |