Құқықтық нормаларды іске асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:
1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
2) орындау – жағымды мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;
3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.
91 Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері
Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:
- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;
- биліктік сипатқа ие;
- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,
- сәйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;
Достарыңызбен бөлісу: |