Қарапайым талқылау – бұл қатардағы азаматтың құқық нормасын өзінше түсіндіруі. Бұндай талқылау тұрғындардың негізгі көпшілігінің құқықтық санасын көрсетеді. Ол дұрыс емес, эмоционалды сипатта болады.
95 Талқылаудың әдісі және көлемі
Заң ғылымында және практикада ұзақ тәжірибе арқасында құқықтық нормаларды талқылаудың белгілі бір әдістері қалыптасқан.
Әдістер – бұл құқық нормасының мәнін түсіну мен түсіндірілуде қолданатын нақты әдістер, тәртіп, технологиялар. Ондай әдіске мыналар жатады: логикалық, жүйелілік, грамматикалық (филологиялық, тіл), тарихи - саяси, арнайы – заңи, теологиялық және функциональді.
Достарыңызбен бөлісу: |