Сөзбе сөз талқылау – бұл құқық нормасының сөзбен бейнеленуі. Оның нақты мәніне сәйкес келеді, яғни рух және әріп сәйкес келеді.
Шектелген талқылау – бұл норманың мәнін шектейтін талқылау. Мысалы, әр адам салық төлеуге міндетті (мүгедек, бала).
Кеңейтілген талқылау – бұл құқық нормасының мәнін кеңейтіп талқылау. Мысалы, ҚР азаматтарының тек құқықтарды ғана емес, сонымен қатар тең міндеттерді атқарады.
96 Құқықты талқылаудың актілері
Құқықты талқылаудың актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.
Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:
- заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
- нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
- дербес сипатқа ие емес және өзі түсінідіріп отырған нормалармен бірге әрекет етеді;
- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.
Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:
1) ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутентикалық және легалды) және казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;
2) түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай – мемлекеттік билік органдарының, басқару органдарының, сот, прокуратура органдарының түсіндіру актілері;
3) құқықтық реттеу пәніне қарай – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. құқықты түсіндіру актілері;
4) сипатына қарай – материалдық және іс жүргізушілік түсіндіру актілері;
5) нысанына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |