36 Құқықтың мемлекеттің қағидаттары
Құқықтық мемлекеттің қағидаттарына мыналар да жатады:
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы мемлекеттік және қоғамдық билікті заңмен шектеулі болуы. Мемлекет және қоғамдық билік белгілі бір шеңбер көлеміне таралады, бұл шеңберді аттап өтуге немесе бұзуға жол берілмейді. Мемлекеттік биліктің шектеулі болуы адам және азаматтың бөлінбейтін құқықтары мен бостандықтарының бар екендігін танумен байланысты.
ҚР Конституциясында мемлекет пен тұлғаның ара қатынасы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы бекітілген. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды қолдану механизімін іске асырудың кепілі мемлекет болып табылады.
ҚР Конституциясының 1-бабында: «…мемлекеттің басты құндылығы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілген. Мемлекет өз қызметін және оның органдарының қызметтері қоғам және азамат мүдделеріне сай жүзеге асырылуы керек.
Құқықтық мемлекет адамдарға қатысты оның құқықтары мен бостандықтары үшін жағдай жасаумен сипатталады, ол құқықтық бостандықтың негізі «Заңмен тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі » деген қағида жатыр.
Конституция мен заңдардың негізгі қызметі және басты мақсаты тұлғаның бостандығына кепіл беруі. Бостандықтарға кепіл бере отыра Конституция мен заңдар тұлғаның мемлекеттен дербестік жағдайын қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Құқық тұлғаның бостандықтарын мемлекет және оның органдары тарапынан қол сұғушылықтан қорғайды, ал бұл өз алдына өтпелі кезеңдегі нарықтық экономикалық, еңбек қатынастарында өте маңызды.
Адам және азамат құқықтары мемлекет және оның органдары әрекетінен немесе шығарған шешімдерінен тұлғаның құқықтары мен бостандықтары бұзған кезде, сотқа жүгіну арқылы бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Бұндай жағдайда шынайы бостандық бостандық құқығына айналады. Оның көрнісі келесі қағидатқа негізделеді «Заңмен тыйым салмағанның барлығына рұқсат етіледі» және керісінше: «Тек заңмен белгіленгендерге ғана рұқсат етілген».
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемділігі. Құқықтық мемлекеттер оның ішінде Қазақстан осы бағытты ұстанып және оны әрі қарай дамыту керек. Құқықтық құндылықтар жүйесінде адамдардың бостандықтарын қорғаудың, ұйымдастырудың жоғарғы нысаны заң болып табылады. Заңдарда жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері бекітіледі, ал бұл ережелер әділ және тең бастаулары негізінде дамитын қоғамның объективті қажеттіліктерін ескеруі қажет. Заң келесі жағдайда басым болады, егер ол тұлғаның бостандығының шегі болса және заң мемлекет пен адамның мүдделері үшін қызмет етсе. Құқықтық мемлекетте тек заң ғана қоғамның маңызды салаларын реттеуі керек.
Құқықтық мемлекетте заңдар жеке субъектілердің емес, барлық халықтың еркін білдіреді. Барлық заңдар халықтың мүдделеріне сай қабылданады және әрекет етуінің, әр адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтынын, адамдар үшін қажетті, олардың құқықтарын іске асыруға жағдай жасайтын құқықтық тәртіп белгілейтіндігіне азаматтар назар аудару керек. Сондақтан да азаматтар және лауазымды тұлғалар заң талаптарын қатаң сақтауы керек.
Заңды мемлекет және оның органдары шығарады, сондықтан ең алдымен мемлекетке заң талаптарын сақтауды, барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды іске асыру барысын бақылау міндеті жүктеледі, ал бұл құқықтық мемлекет құруда ерекше маңызға ие.
Құқықтық мемлекеттік негізгі заңы Конституция болып табылады. Конституция және өзге де нормативті актілердің болуы, қоғамда заңдылықтың қатаң режимін құрып, әділ құқықтық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бірақ заң тек қағаз жүзінде қалмай өз мақсатына жетіп жүзеге асырылуы керек. Заң талаптарын орындаудың басты шарты азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениетін қалыптастыру және оны дамыту, қоғамда қалыптасқан құқықтық нигилизмді жою болып табылады.
Құқықтық мемлекетте билік тармақтарға бөліну мәселесі ерекше орынға ие. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Оның басты талабы саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету үшін қандайда болмасын мемлекеттік органдар, әлеуметтік топтар немесе жеке тұлғалар тарапынан билікті өз бетінше пайдалануды жою үшін мемлекеттік билікті тармақтарға, яғни, заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп бөлу қажет. Сондай-ақ бұл биліктердің әр қайсысы дербес және бір-бірін тежей отырып жүзеге асуы керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабын 4-тармағына сәйкес: «Республикада мемлекет бір тұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну, олардың тежемелілік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өз-ара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады». Конституцияда бекітілген тежемелік және тепе-теңдік жүйесі, нақты мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Бұл биліктердің әрқайсысы мемлекеттік биліктер жүйесінде ерекше орынға ие. Биліктердің тепе-теңдігі арнайы ұйымдастырушылық құқықтық шаралармен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар белгіленген шектерде әр биліктің өкілеттерінің ара-қатынасы ғана емес, сонымен қатар оларды шектеуге қамтамасыз етеді.
38 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
Қоғам – бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |