Қоғамдық-саяси қозғалыс –бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін білдіруге және қандай да бір саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның белсенді бөлігі.
Қозғалысқа қандайда бір партияның қызметіне қанағаттанбаған, олардың белгілеген жарғылық нормаларымен, бағдарламаларымен келіспейтін, нақты саяси мүдделер жоқ адамдардан тұрады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстың саяси партиядан айырмашылығы:
- қозғалыстың әлеуметтік базасы кеңдеу (бір қозғалыс әртүрлі әлеуметтік, идеологиялық, ұлттық, діни топтың өкілдерінен тұрады);
- қоғамдық-саяси қозғалыстар, әдетте, тек бір саяси тұжырымдаманы ұстанады және бір ірі саяси мәселені шешуге ұмтылады, бір мақсаты болады, осы мақсатқа жетсе өз қызметін тоқтатады, ал партияның кешенді мақсаты бар;
- қоғамдық-саяси қозғалыстар билікке ұмтылмайды, өз мәселелерін шешу үшін билікке әсер етуге тырысады, егер қоғамдық-саяси қозғалыс билікке күресетін болса, онда ол саяси партияға айналады;
- қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси белсенділігінің өзегі - клуб, одақ, бастамашылық топ;
- қоғамдық-саяси қозғалыстарда формалді ішкі иерархиялық құрылымы, тұрақты мүшелік және тиісті құжаттары болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |