34 Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны
Саяси жүйенің дербес элементі ретінде саяси партиялар мен қоғамды-саяси қозғалыстар туралы да айтып өткен жөн. Саяси партиялар өз алдына билік үшін күресу барысында саяси жүйеге, мемлекеттік механизмге әсер етеді.
Саяси партия – бұл саяси билік үшін күресетін және белгілі бір идеялогиямен байланысты әлеуметтік топтын ең белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Партиялар белгілі бір мақсатты көздеуі мүмкін және саяси өмір мен қоғамды ұйымдастыруға әсер етеді. Саяси жүйеде әдетте бірнеше партиялар бар, олар әртүрлі әлеуметтік топтың мүдделерін білдіреді.
Саяси партияның саяси жүйедегі орны зор. Саяси қызметпен айналысатын, бірақ өз мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси жүйенің басқа институттарынан ерекшелігі партияның басты мақсаты билікті басып алу және оны жүзеге асыру, мемлекеттік істі басқару үшін күрес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |