Табиғатына байланысты саяси жүйенің келесі түрлері бар:
- демократиялық;
- командно-әкімшілік;
- теократиялық;
- өтпелі.
Қоғамның саяси жүйесінің мәні оның функциясы арқылы нақты көрінеді.
Қоғамның саяси жүйесінің келесі функциялары бар:
белгілі бір әлеуметтік топтың немесе осы қоғамның көпшілік мүшелерінің саяси билігін қамтамасыз ету (саяси жүйе арқылы билеудің нақты нысандары мен әдістері белгіленеді және жүзеге асады);
жекелеген әлеуметтік топтың және тұрғындардың көпшілігінің мүддесіне сәйкес адамдардың өмірінің әртүрлі салаларын басқару;
саяси мақсаттар мен міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды жұмылдыру;
саяси қатынастың әртүрлі субъектілерінің мүдделерін анықтау және өкілдеу;
нақты қоғамның идеалдарына сәйкес материалдық және рухани құндылықтарды бөлу арқылы саяси қатынастың әртүрлі субъектілеріның мүдделерін қанағатандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |