Құқықтың пайда болуының тарихи теориясы – ХVІІІ - ХІХ ғасырларда толық қалыптасты. Аталмыш теорияның өкілдері: Гуго Савиньи, Пухта. Олардың айтуынша, құқық - бұл тарихи құбылыс. Ол тіл сияқты шартпен белгіленбейді, ешкімнің нұсқауымен еңгізілмейді, біртіндеп пайда болып, дамиды. Сондай-ақ, құқық - бұл ең алдымен, әдет құқығы, заң әдет құқығынан туындайды. Бұл теорияның өкілдері адам құқығын жоққа шығарады, өйткені, сол кезде кейбір әлеуметтік таптарда ешқандай табиғи құқықтары болмады.
Құқықтың пайда болуының нормативтік теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның негізгі өкілдері: Келвен, Штаммлер, Новгородцев. Олардың айтуынша, құқық - бұл заң шығарушы қабылдаған құқықтық нормалардың жүйесі. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.
Бұл құқық нормалар жүйесінде ең жоғарғы орынды Конституция иеленеді. Барлық қалған құқық конституцияға сәйкес келіп, оған қайшы келмейді. Құқықтық нормалар жүйесінде негізгі орынды жеке актілер, оның ішінде сот шешімі, шарт, әкімшілік ережелер иеленеді. Оларға құқық та жатады және олар негізгі заңға сәйкес келмеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |