Құқықтың пайда болуының материалисттік теориясы - ХІХ-ХХ ғасырларда толық қалыптасты. Өкілдері: К. Маркс, В. И. Ленин, Энгельс. Құқық - бұл үстем таптың еркі, яғни таптық құбылыс деп түсіндіріледі. Құқықта бейнеленген тап еркіннің мазмұны материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен айқындалады.
Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т. Гоббс, Дж. Локк, А.Н. Радишев. Олардың айтуынша, құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан берілді және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) –қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықғының қайнар көзі заңнамада емес, адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |