3.
Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талап-
тардың белгілІ бір актінің әрекет ету аумағындагы барлық түлға-
ларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушы-
лықтар бар:
а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік және
консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық қүқығына ие
және оларга қылмыстық заңнаманы жэне әкімшілік құқықбұзушы-
лықтар туралы заңнамамы бүзғандығы үшін жауапкершілік жэне
мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды;
ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қьшмыстық жауапкер-
шілікті көздейтін акіілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүр-
геніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сэйкес жа-
заны өтегеніне карамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік түлғалар мен
азаматтығы жоқ түлғалар кұқықтар мен міндеттердің кең шең-
берін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар
мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер
қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына
сайлана алмайды және сайлауга қатыса алмайды.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: