кет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды,
олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынды-
гына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар
екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты
болдырмау-
га, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің
қүқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік
береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан
көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура
мағынада бүл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын
білдіреді;
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемле-
кеттің санкциялауынан. Мысалы,
мұсылман құқығының қалыпта-
суы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялау-
ымен сипатталды;
3) іс жүзінде қалыптасып қойган катынастарды жүріс-түрысты
занды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы
осылай қалыптасады;
4) қүқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқыкты пай-
даланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
5) мемлекет қүқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды
қамтамасыз етеді;
6) мемлекет қүқықтың әлеуметтік
кеңістікке таралуына жэр-
демдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын қү-
қыққа сэйкес әрекет жасауға міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:
1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара
қарым-қатынастарына эсер етеді; мемлекет азаматтарға құкықтық
талаптар
шегінде эсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемле
кетке құқықтың көмегімен эсер етеді;
2) құқық мемлекеттің қызметін зандастырады, мемлекеттің
қорғау және мәжбүрлеу шараларының
рұқсат етілуін қамтамасыз
етеді;
3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтар-
дың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;
4) құқык үлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы
арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен
карым-катынасына әсерін
тигізеді;
5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау
жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің
халық алдындағы жауапкершілікті эрекеттерінің заңды кепілдік-
терін бекітеді;
6)
құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдас-
тықпен байланыс тілі рөлін атқарады.
3.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: