Мемлекет, үстем таптың (әлеуметтік топтың, барлық халықтың тап күштері одағының) көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен қызметтері бар


 Мемлекеттік қызметкер түсінігі және оның құқықтық жағдайы



бет3/7
Дата09.04.2022
өлшемі48,99 Kb.
#138550
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-semestr-10-tema-kaz1

2. Мемлекеттік қызметкер түсінігі және оның құқықтық жағдайы

Ғылыми әдебиетте «мемлекеттік қызметкер» түсінігі және оның мазмұны жөнінде пікірталастар жоқ. Ғалым-заңгерлер оны мемлекеттік әкімшіліктің қарапайым элементі ретінде және оның ұйымдастырушылық құрылымының негізгі және алғашқы көзі ретінде түсінеді.


Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру мақсатында лауазымдық құзыреттерді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдағы лауазым Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қаражаттары есебінен, не болмаса, жергілікті немесе республикалық бюджеттен бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша төленетін лауазымға ие Қазақстан Республикасының азаматы.
Сөйтіп, мемлекеттік қызметкер мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымының бөлігі болып табылады; екіншіден, құқықтық актілерде белгіленген, мемлекеттік органдар құзыреттінің бір бөлігі енеді. Мемлекеттік қызметкер олар атқаратын лауазымға ие емес. Ол мемлекеттік әкімшілікке жатады. Мемлекеттік органмен (лауазымды тұлғамен) қызметкерді қызметке тағайындау оның біліктілік разрядына (дәрежесіне, таптық шеніне, деңгейіне және т.б.) сай, біліктілік разрядына, таптық шеніне, дәрежесіне, деңгейіне бөлудың бектіліген заң ережелері аясында жүзеге асырылады. «Мемлекеттік лауазым – мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі, оған лауазымдық міндеттер мен лауазымдық құзырет шеңберінде бекітілген нормативті құқықтық актілер қойылған» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет Туралы Заңы.
Мемлекеттік қызметкер ҚР жеке тұлғаның және азаматтың конституциялық құқықтарын толықтай игерген. Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы азаматтық құқықтары мен міндеттері, басқа да азаматтармен бірдей. Мемлекеттік қызметкерлер барлық құқықтарды және бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ қоғам алдында барлық құқықтар мен бостандықтардың бірдей міндеттерін атқарады, сондай-ақ қоғам алдында барлық азаматтармен бірдей міндеттер атқарады. Қызметкердің құқығын шектеу тек мемлекеттік қызмет туралы заңда орын алуы мүмкін, қызметкерлердің өз қызметтік өкілеттіктерін (мысалы, кәсіпкерлік қызмет саласында) тиісінше орындауды қамтамасыз етумен байланысты.
Мемлекеттік қызметкер белгілі бір құқықтық жағдайға ие. Ол үшін мемлекеттік қызметке кіру, өту және қызметті тоқтату үшін ерекше шарттар анықталған. Мемлекеттік қызметкер оған жүктелген өкілеттікті мемлекеттік әкімшілік ішінде, құқықтың ішкі субъектілеріне (азаматар және басқа ұйымдар және т.б.) қатысы бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік органмен (лауазымды тұлғамен) қызметкерді қызметке тағайындау оның біліктілік разрядына (дәрежесіне, таптық шеніне, деңгейіне және т.б.) сай, біліктілік разрядына, таптық шеніне, дәрежесіне, деңгейіне бөлудың бектіліген заң ережелері аясында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметттегі (министрліктердегі, мемлекеттік комитеттердегі, Президент Әкімшілігі, Үкімет аппаратындағы) қызметкердің құқықтық жағдайы әскери қызметкердің қызметтік құзыретінен ерекшеленеді.
Мемлекеттік қызметкердің құқықтық жағдайы мемлекеттік қызмет өтетін жағдайға байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері мемлекеттік жағдаймен не болмаса объективті туындаған қоғамдық-саяси жағдаймен анықталуы мүмкін: мысалы, төтенше жағдай немесе әскери жағдай режимін енгізу; жұмылуды хабарландыру; арнай заңдармен бекітілген әкімшілік-құқықтық режимдер. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметкердің құқықтық жағдайының мазмұны күрделі түрде өзгеруі мүмкін: қызметкерлер қосымша құзыреттерді, құқықтарды алуы мүмкін; олар үшін арнайы міндеттер және қызметке өтудің және заңдылық жауапкершілік жағдайы бекітілуі мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы бірінші кезекте құқықтар мен міндеттердің әртүрлі жиынтығын анықтайды.
2015 жылы 23 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды.
Бұл Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне түсумен, өтумен, тоқтаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын, материалдық қамсыздандырылуын, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы басқа да тұлғалар қызметінің мәселелерін анықтайды.
Заңның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметке түсуге, өтуге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Заңмен мемлекеттік қызметтің принциптері, Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық жағдайы және дәрежесі, мемлекеттік қызметке өтудің тәртібі мен орналасу шарттары анықталады.
Сондай-ақ заңмен мемлекеттік қызмет істері бойынша (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заң 5 бап) уәкілдің құзыреті бекітіледі.
Одан басқа заңмен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына азаматтарды іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заң 17 бап, 4 тармақ).
Сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш немесе қайта орналасушы қызметкерлер, мемлекеттік қызметін тоқтатқаннан кейін мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді: тестілеу, уәкілетті органның қорытындысын алумен қатар жеке қасиеттерді зерттеу және жалпы конкурс арқылы азаматтары бағалау.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс іріктеуі жалпы және ішкі конкурстан (ҚР «Мемлекетттік қызмет туралы» заңы 27 баб, 4 тармақ) тұратын болады.
Заңға сәйкес «Б» корпусындағы мемлкеттік қызметкерді конкурссыз ауыстыру процедурасы тек пресс-секретарлар және мемлекеттік органдардағы алғашқы мемлекеттік лауазымындағы кеңесшілері немесе көмекшілері үшін сақталады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін алмастыру жүзеге асырылады. Басқа жерге алмастыру кезінде мемлекеттік қызметкерлер жекешелендіру құқығынсыз қызметтік баспанамен қамтамасыз етіледі (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заң 41 бап).
Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау, оның тәртібін, мерзімін және аттесталатын мемлекеттік қызметкерлердің категориясын анықтайтын президенттің шешімі бойынша жүргізіледі (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заң 63 бап).
Мемлекеттік қызметкердің ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 9 бабында аталған құқығын екі топқа біріктіруге болады. Оның біріншісіне лауазымдық өкілеттіктерді тікелей жүзеге асыру процесінде жүзеге асырылатын құқықтар кіреді: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен республикамыздың азаматтарына кепілдік етілетін құқықтарды және бостандықтарды пайдалануға; 2. Өзінің өкілеттігі аясында мәселелерді қарастыруға қатысу және олар бойынша шешім қабылдауға, олардың іске асырылуын тиісті органдардан және лауазымды тұлғалардан талап етуге; 3. лауазымдық міндеттерді атқаруға қажетті ақпараттар мен материалдарды бекітілген тәртіп бойынша алуға; 4. белгіленген тәртіп бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін фирмаларға бару, олардың меншік нысаналарына тәуелсіз; 5. жетекшіден мемлекеттік қызметкердің атқарып отырған лауазымына сай қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты анықтауын талап ету; 6. жеке бас адамгершілігін құрметтеуге, жетекшілер, басқа да лауазымды тұлғалар мен азаматтар тарапынан өзіне құрметпен қарауды талап етуге құқылы; 7. өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; 8. тиісті бюджет қаражаттары есебінен біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға; 9. олардың мемлекеттік қызметке өтуге байланысы бар материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайда өзінің жеке түсініктерін беруге; 10. біліктілік қабілеттерін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандығын ескере отырып қызмет бойынша жоғарылауға; 11. негізсіз айыптаулар тағылған жағдайда, қызметкердің пікірінше, қызметтік тергеу жүргізуді талап етуге; 12. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 13. әлеуметтік және құқықтық қорғалуға; 14. өз еркі бойынша мемлекеттік қызметтен шығуға; 15. зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды талап етуге; 16. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметкердің «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 10 бабында бекітілген, негізгі міндеттерін екі топқа топтастыруға болады. Оның біріне лауазымдық өкілеттіктерді тікелей жүзеге асыру бойынша міндеттер кіреді: 1. Республиканың Конституциясы мен заңнамасын сақтау; 2. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, мемлекеттік қызметкердің антын беру; 3. азаматтар мен заңды тұлғалардың заңдық мүдделерін және бостандықтарын, құқықтарын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың үндеулерін заңнамамен бекітілген тәртіп пен мерзім бойынша қарастыру, олар бойынша қажетті шаралар қолдану; 4. оларға ұсынылған құқықтар аясында және лауазымды міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметкердің міндеттерінің басқа тобына лауазымды барынша тиімді орындау міндеті кіреді: 5. мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау; 6. заңмен бекітілген, шектеулерді өзіне қолдану; 7. заңнамамен бекітілген қызметтік этика нормаларын сақтау; 8. жетекшілердің, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың, олардың өкілеттілігінің аясында шығарылған бұйрықтары мен қаулыларын, шешімдері мен нұсқауларын орындау; 9. мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияны сақтау, соның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейінде заңмен бекітілген уақыт аралығында сақтау, ол үшін қолхат береді; 10. қызметтік міндеттерін атқару барысында азаматтардың ары мен намысына, жеке өміріне қатысты құпияларды сақтау, және олардан осындай ақпараттарды талап етпеуі қажет; 11. мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; 12. өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 13. қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерін орындамағаны және лайықсыз орындағаны үшін мемлекеттік қызметкерге «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» заңның 44 бабында қарастырылған тәртіп жөніндегі жаза қолданылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет