Дәстүрлі кеңестік мемлекеттік қызмет, мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін орындау мақсатында кәсіптік негізінде жүзеге асырылатын және оларға төленетін мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылды.
Мемлекеттік қызмет анықтамасын анықтауда осындай тәсіл, бір жағынан мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін, ол қызметтік органдар мен қызметкерлер тұлғасында орындайтын, ал басқа жағынан – нақты міндеттерді шешу және осы қызметтерді атқару бойынша еңбек қызметі ерекшеленеді.
Мемлекеттік қызметті құру және оны құқықтық реттеу қажеттілігі мемлекеттің болуымен қатар оның міндеттерімен және қызметтерімен шартталған, сондай-ақ мемлекеттік (заңнамалық, атқарушылық және сот билігі) органдардың кадрлық әлеуетін ұйымдастыру қажеттілігімен шартталған. Атап айтқанда қызметкер мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың, басқарушы және басқарылатын институттары ішіндегі көптеген құрылымдардың қызметкері ретінде әрекет етеді; олардың өкілеттілігі мемлекет пен қоғамда талап етілетін құқықтық тәртіпті бекіту мақсатында басқару мүмкіндіктерін нақты пайдалануды анықтайды.
Мемлекеттік қызмет – бұл көпшілік қызмет, яғни көпшілік билік органдарындағы қызмет. Дәстүрлі теория тұрғысынан қарасақ, мемлекет ретінде мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және бірлестіктердегі қызмет түсініледі.
Мемлекеттік қызмет – бұл көпшілік қызмет, яғни көпшілік билік органдарындағы қызмет. Дәстүрлі теория тұрғысынан қарасақ, мемлекет ретінде мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпорындардағы, ұйымдардағы және бірлестіктердегі қызмет түсініледі.
Мемлекеттік қызметтің ең ауқымды теориялық түсінігі – ол мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорындар әкімшілігін, бақылау – қадағалау органдарды, прокуратураларды, сот билігі және атқарушылық, заңнамалық органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың аппаратында уақытша қызметтегі немесе тұрақты қызметтегі және мемлекеттік бюджеттен (яғни мемлекеттен оның органдары мен бөлімшелерінің қатысумен) еңбек ақы алатын, барлық тұлғалардың практикалық және басқару қызметін қадрлық функцияларын мемлекеттік органдармен жүзеге асыру. А.П.Алехин және Ю.М.Козлов мемлекеттік қызмет түсінігін мемлекеттік ұйымдардағы қызметкерлердің өз міндеттерін орындаумен байланыстырады; мемлекеттік билік органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, басқа ұйымдарда; тар мағынадағы мемлекеттік қызмет түсінігі бұл авторлардың ойынша қызметкерлердің өз міндеттерін тек мемлекеттік органдарда ғана орындайды деп түсінеді. Мемлекеттік қызметінің анықтамасы ғылыми әдебиетте, В.М.Манохин берген анықтама дәстүрге айналды: «мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік ұйымдардың және құрамын құқықтық реттеу және ұйымдастыру бойынша мемлекет қызметінің бір тарапын көрсетеді, сондай-ақ осы жеке құрамның қызметінің өзі мемлекеттік міндеттер мен функциялық практикалық және тікелей жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметкерлер».
Лазарев Б.Ю. мемлекеттік қызметті «... мемлекетке қызмет көрсету, яғни мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтердің міндеттерін жүзеге асыру бойынша қызметі ақысынан және оның тапсырысы бойынша орындау».
Заманауи заң шығарушының пікірі тұрғысынан, ҚР мемлекеттік қызмет – ол ҚР мемлекеттік билік органдарының және ҚР субъектілерінің осы органдардың заңнамалық және басқа нормативті актілерде бекітілген құзыреттерін мемлекеттік қызметкерлердің орындауынан тұратын кәсіби қызмет.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Бұл анықтамадан мынадай аспектілерді ажыратуға болады: мемлекеттік қызметкер үшін мамандық болып табылатын қызмет және ережеге сай олардың негізгі қызмет түрі ретінде арнайы уәкілетін орындау; жүзеге асырылатын қызмет аясында мемлекеттік органдардың құзыретін жүзеге асыру жүреді; бұл қызмет мемлекеттік органдардың жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған; мұндай қызмет лауазымдық міндеттердің орындалуын көрсетеді, яғни бұл жағдайда мемлекеттік қызмет түсінігінің тұлғалық аспектісі айқын, себебі міндеттер мемлекеттік қызметке емес, лауазымға емес, мемлекеттік қызметкердің өзіне қатысты.
Сонымен, мемлекеттік қызмет түсінігін ресми түсіндіру, мемлекеттік қызмет – ол мемлекеттік өкілдік, атқару және сот билігі органдарындағы қызметкерлердің кәсіби қызметін бекітуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, әрекеттегі заңнамасына сай практикалық функционалдық мағынада мемлекеттік қызмет мемлекеттің қызметі мен міндеттерін орындау мақсатында қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асырудан тұратын атқарушы және сот билігі өкілдері органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметі заңға негізделгенін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтің жалпы белгілері мыналар болып табылады: мемлекеттік органдардың штаттық кестесінде қарастырылған, мемлекеттік қызметтегі қызмет лауазымындағы қызметкерлерді ауыстыру; мемлекеттік органдар өкілеттілігін, қызметкерге ақшалай қаражатты бекітумен қатар арнайы лауазымдық міндеттерді орындау.
Мемлекеттік қызметтің принциптері ол негіз болатын идеялар, мемлекеттік қызметтің жүйесінде әрекет ететін, мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттері, мемлекеттік органдардың қызметтері мен міндеттерін, құзыреттерін жүзеге асыруға ғылыми – негізделген бағытын анықтайтын және объективті заңдылығын білдіретін заң.
Мемлекеттік қызмет принциптері мемлекеттік қызмет жүйесінде туындайтын, қарым-қатынастың мәнін, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын шарттайды. «Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы онда еркіндік, бюрократиялық, берекесіздік, заңсыздық, әділетсіздік және өнегесіздік элементтерінің пайда болуына алып келеді».
Мемлекеттік қызмет принциптері – ол субъективті түсінік. Оларды адам (заң шығарушы) нақты құқықтық тәжірбиеден және құқықтық мәдениеттен шыға отырып тұжырымдайды, елімізде салалық заңнаманы дамытудағы қол жеткізген деңгейді ескере отырып құқықтық жүйенің негізгі ережелеріне негізделеді.
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет принциптері әртүрлі заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілерде бекітіледі: ҚР Конституциясында, және басқа заңдарда, ҚР Президенті жарлықтарында, ҚР Үкіметінің қаулыларында, ҚР субъектілерінің конституцияларында, жарлықтарында және басқа да заңнамалық және нормативтік актілерінде. Оларды мемлекеттік қызметкерлер практикалық әрекеттері арқылы жүзеге асырады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда белгіленген, мемлекеттік қызмет принциптері барлық басқа да заңнамалық және басқа нормативті құқықтық актілер үшін модель болып табылады, сондай-ақ олар көпшілік қызметтің принциптер жүйесін анықтайды.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет төмендегідей принциптерге негізделеді:
1.заңдылыққа;
2.қазақстандық патриотизмге;
3.мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі, мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне тәуелді емес;
4.мемлекет қызығушылығы алдындағы азаматтардың құқық, бостандық және заң қызығушылықтарының басымдығы;
5. жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6. мемлекеттік қызметке азаматтардың өз еркімен кіруі;
7.мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі;
8.маңызы бірдей жұмыстарды орындағаны үшін бірдей еңбекақы төлеу;
9. төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлері және бағынышты мемлекеттік қызметкерлер үшін, олардың өкілеттілігі бойынша лауазымды тұлғалармен және жоғары тұрған мемлекеттік органдармен қабылданған, шешімдерді орындау міндеттілігі;
10.мемлекеттік қызметкерлердің бақылауға алынатындығы және есеп берушілігі;
11.әлеуметтік пікір және жариялықты ескеру, мемлекеттік құпияларды немесе құпияны сақтайтын басқа да заңнан тұратын, әрекетті қоспағанда;
12.мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13.ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды, лауазымдық міндеттерді адал, ынталы атқарғаны үшін мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау;
14. мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін лайықсыз орындағаны не болмаса орындамағаны және олардың өздерінің өкілдіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкерлішігі;
15.мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру».