5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жаңа моделінің тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді.
Меритократия, эффектілік, нәтижелілік, қоғамға қатысты ашықтық және есеп біреуге міндеттілік принциптеріне негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсіпқойлығы мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекелестігін және халыққа мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тұжырымдамада мемлекеттік қызмет жүйесінің қазіргі жағдайының саралауы ұсынылған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жаңа үлгісін қалыптастырудың негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудың маңызды механизмдері анықталған.
Тұжырымдама жаңа үлгіні әзірлеуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің одан әрі кәсіпқойлығына бағытталған заңнамалық және басқа да нормативті құқық актілерін әзірлеу үшін негіз болады. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі, бірінші ретте, "мемлекеттік қызмет" түсінігінің жаңартылуын болжамдайды, ал осы түсінік "ұлтқа (қоғамға) қызмет ету" түсінігіне синоним болу керек және мемлекеттік қызметті тұтынушылар ретінде халыққа бағдарды білдіреді.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі адами фактордың маңыздылығын мойындауға және тиімді кадрлық жұмысты жүргізуге бағытталған.
Бұл тұрақты жұмыс мемлекеттік қызметтің кәсіпқойлығының негізгі факторы болып табылады және негізгі тиімді механизмдерді қалыптастыруға – мемлекеттік қызметке тиімді және таза түсу реті, мемлекеттік қызметкерлердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігіне, жұмыс нәтижелерінің және қолдау жүйесінің өзара байланысына бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды кәсіби түрде қамтамасыз ететін, жоғары әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің корпусы қалыптастырылады, мемлекеттік қызметке түсудің және өтудің механизмдері жетілдіріледі.
Концепцияны 2011 жылдан 2015 жылға дейін жүзеге асыру есептелген және мынадай кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезеңде (2011-2012 жыл) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізуге бағытталған шараларды жүзеге асыру болжанады:
үш корпусқа негізделген, мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімін енгізу;
мемлекеттік қызметке өтудің процедураларын жақсарту және мемлекеттік қызметтің кадрлық резервін қалыптастыру;
жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлерді дайындау бойынша базалық білім беру орталығын қалыптастыру;
нәтижеге бағытталған, мемлекеттік басқару жүйелерінің принциптері мен технологияларына негізделген оқытудың жаңартылған бағдарламаларын енгізу;
мемлекеттік органдардың кадрлық қызмет әрекетінің тиімділігін арттыру;
мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалаудың жүйесін енгізу;
мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақыларын төлеудің жаңа жүйесін енгізу;
мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылаудың жүйесін енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауға арналған кері байланыстың механизмін дамыту.
Екінші кезеңде (2013-2015 жыл) мемлекеттік қызметті кәсіпқойландыру бойынша ұзақмерзімді шаралар жүзеге асырылды, мансабты жоспарлау жүйесін енгізу, кәсіптік оқыту мен дамытудың жеке жоспарларын енгізу, қашықтықтан оқыту жүйесін ұлғайту; мемлекеттік қызметкерлердің уәждеме жүйелерін жетілдіру; мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жасау; әкімшілік этиканы басқарудың қос деңгейлі жүйелерін әзірлеу. Екінші кезеңде бірінші кезеңде жүзеге асырылған шаралар тиімділігінің мониторингі мен бағалауы жүреді, соның негізінде тиісті нормативтік құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық пікірлер мен ұсыныстар жасап шығарылады. Концепцияны жүзеге асыру тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және мемлекеттің қызметтерін тиімді орындауға қабілетті, мемлекеттік аппараттың кәсіпқойлығын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталған күрделі мәселелерді ескере отырып, бүгінде мемлекеттік қызмет жүйелерін әріқарай ілгерілемелі дамытуды және оны мемлекеттік басқаруды жетілдіру процестерімен тығыз байланыста реформалауды қамтамасыз ету қажет. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарының ережелерін ескере отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мен кәсіпқойлығын қалыптастыру мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйелерін қамтамасыз етуге бағытталған.