Соған сәйкес қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі:демократиялық – мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді»,-деп атап көрсетілген Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады
Соған сәйкес қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: демократиялық – мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді»,-деп атап көрсетілген Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады
Билікті бөлу – билік өзінің бөліну қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір-бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйе арқылы бақылап отырады.
Билікті бөлу – билік өзінің бөліну қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір-бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйе арқылы бақылап отырады.
Кәсібилік – мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана білікті және басқару өнерін жетік меңгерген білімді мамандарды тарту. Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет..
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы – қатаң тәртіпті, қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін қатаң жауап беруі. Халықтың мемлекеттік органдарға және лауазымда адамдарға үлкен сеніммен қарайтындықтан, қабылданған шешімдері үшін жауап берулері ең басты талап болып табылады