Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға болады, яғни мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Мемлекет механизмінің құрылымымемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айырықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді.
Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға болады, яғни мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айырықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді.