Өз кезегінде, экономикалық саясат (10-сурет):
- өндірістік;
- салықтық;
- тарифтік;
- ақша-несиелік;
- бағалық;
- кедендік;
- инвестициялық, т.б. болып бөлінуі мүмкін.
10-сурет. Экономикалық саясаттың түрлері
Сонымен бірге өзге де санаттар бойынша топтастыру мүмкін. Олар саясатты жасаушылар мен жүзеге асырушылар қарым-қатынасын жақсы түсінуге және осы немесе өзге саясаттағы шиеленіс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Осы әдіс аясында мемлекеттік саясаттың мына түрлері бөлініп шығады:
- бөлу;
- қайта бөлу;
- реттеуші;
- әкімшілік-құқықтық;
- стратегиялық;
- дағдарысқа қарсы.
Осы айтылғандар 11-суретте берілген.
11-сурет. Қатысушылар ортасы және шиеленіс деңгейі бойынша саясат түрлерінің сипаттамасы
Бөлу саясаты халықтың түрлі топтарының арасында мемлекеттік билік органдарының тиісті әлеуметтік әл-ауқат пен табысты бөлумен байланысты: әлеуметтік бағдарламалар, білім, ғылым және т.б.
Қайта бөлу саясаты дегеніміз салық, тариф, трансферт және т.б. арқылы
белгілі бір ресурстарды бір топтан екінші топқа беру.
Реттеуші саясат көптеген қызметтердің түрлерін реттеуде мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеті: экономикалық реттеу, тұтынушы нарықты қорғау және т.б.
Әкімшілік-құқықтық саясат мемлекеттің шығармашылық іскерлігімен және қызметімен байланысты.
Стратегиялық саясат шет мемлекеттермен қарым-қатынасты қамтиды және шет елдік, қорғаныс саясатын қарастырады.
Дағдарысқа қарсы саясат арнайы іс-әрекетті талап ететін төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттің жүргізген саясаты.
Әрине, шиеленіс жағдайлар қайта бөлу саясаты кезінде жиі болатыны түсінікті, яғни қаржы-қаражат және материалдық ресурстар бір әлеуметтік топтан екінші топқа берілген жағдайда көп дау-дамай туады. Бөлу, сратегиялық және дағдарысқа қарсы саясат кезінде өзге жағдай қалыптасады, яғни келісімге келіп, қарым-қатынас орнатып, түрлі әлеуметтік және саяси топ арасында қолдауға ие болады. Әрине, мемлекеттік саясатты жасау барысында осы аспектілерді ескеру керек, себебі түрлі іс-әрекет пен іс-шараға дайын болу керек және мүмкін қауіптер мен салдарларды алдын ала бағалау керек.
Негізінен, мемлекеттік саясаттың үш деңгейін бөліп көрсетеді:
- мемлекеттің, мемлекеттер топтарының жаһандық ауқымының макродеңгейі;
- белгілі бір салаларға, бағыттарға қатысты метадеңгей;
- жергілікті мәселелер шешімін қамтитын микродеңгей.
Сонымен қатар, жалпы мемлекеттік, өңірлік және жергілікті саясатты бөліп көрсетеді. Олардың арасындағы шекара шартты түрде ғана екені түсінікті. Мысалы, мемлекеттің жалпы ұлттық саясаты оны мемлекеттік биліктің төменгі сатыларына жеткізуді қарастырады және мемлекеттің нақты азаматтарына жанама түрде ықпал ету мүмкіндігін болжайды.
Мемлекеттік саясаттың мән-мәтіні маңызды мағынаға ие.
Бірінші кезекте, оның жасалуы мен жүзеге асуына түрлі деңгейдегі интенсивтілікпен әсер ететін көптеген сыртқы орта факторлары.
Ол мынадай жалпы ортаны бөліп көрсетеді (12-сурет):
- экономикалық жүйе – өндіріс, бөлу, құнсыздану деңгейі, жұмыспен қамту, салық және т.б.;
- әлеуметтік жүйе – әлеуметтік құрылым, ұлттық-этникалық және діни топтар, демографиялық құрылым, іс-әрекет нормалары мен құндылықтары және т.б.;
- саяси-құқықтық жүйе – билікті бөлу, саяси билік құрылымы, саяси мәдениет, заң және т.б.;
- технологиялық жүйе – ғылымның және технологияның дамуы, инновацияларды басқару жүйесі, ақпараттық техологиялар және т.б.;
- халықаралық жүйе – сыртқы саясат, геосаяси жағдай, шетелдік мемлекеттермен ынтымақтасу және шиеленісу және т.б.
12-сурет. Жалпы ортанының құрамы
Бұл бөлшектердің әрқайсысы өзінің сипаттамасына ие. Олардың ішінде ең көп мағынаға қиындық дәрежесі мен тұрақтылық деңгейі ие.
Достарыңызбен бөлісу: |