Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет25/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттің тарихи дамуында федерацияның бірнеше түрі кездеседі:

- олардың көпшілігі бір ғана бөлу қағидатымен қалыптасады (штаттар, кантондар, жерлер, провинциялар);

- өзгелері мемлекеттік-аумақтық бірлестіктер мен автономияларға бөлінеді (Бельгия, Канада);

- үшіншілері – ұлттық-аумақтық және әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге бөлінеді (Ресей).

Қазіргі таңда әлемде 50 федеративті мемлекет бар.

Конфедерация – мемлекетаралық одақ. Ол халықаралық келісімшартқа қол қою арқылы құрылды. Оның мүшелері толыққанды өздерінің мемлекеттік егемендігін сақтайды.

Конфедерацияның негізгі қағидаттары болып саналады:

1) мемлекетаралық одақтың бір ғана аумағының жоқтығы – әр жеке мемлекеттің өзіндік аумағы бар;

2) конфедерация құрамына кіретін әр мемлекет өзінің тәуелсіз билік және басқару жүйесіне, азаматтыққа, заңнамаға, құқықтық және сот жүйесіне, өзіндік валютаға, ұлттық армияға ие;

3) мемлекеттің қызметін бақылау үшін конфедерация мүшелері бір немесе бірнеше саяси-әкімшілік органдар құрады. Заңнамалық актілер құзыреттіліктері бірдей біріккен мемлекеттердің өкілеттіктерінің санынан құралады; мемлекет үкіметтері – конфедерация мүшелері конфедеративті органдарға қарсы шыға алады;

4) конфедерацияның мүше-мемлекеттері одақтан шығуға шексіз құқыққа ие;

5) конфедерацияның қаржысы одақтаң мүшелерінің ақшалай жарналарынан құралады: ұлттық әскери күштер ресми түрде ортақ басшылық қол астында болады;

6) конфедерацияның мүше-мемлекеттері келісілген халықаралық жалпы саясатты жүргізеді. Бірақ, ол нақты мәселелерде өзіндік ұстанымға жол береді;

7) заңды тұрғыда барлық конфедерацияға мүше мемлекеттер – тең құқылы (шынайы өмірде, экономикасы, әскери жағы және т.б. жоғары мемлекеттер басымдыққа ие болып келеді).

Конфедерация құрудың негізгі мақсаты – жалпыға ортақ мүдделерге (экономикалық, саяси, әскери) жету болып саналады. Негізінен, конфедерация өмірі ұзақ емес: олар не бөлініп кетеді немесе федерацияға айналады. Дамудың басым үрдісі көп жағдайда мынадай – мемлекет толыққанды тәуелсіздіктен бастау алып әуелі конфедерацияға, одан федерацияға қарай дамиды. Мысалы, АҚШ-тың құрылу тарихы осындай. Демек, конфедерация толыққанды одақ құрылудың бастапқы сатысы болып кетуі де мүмкін. Мысалы, Швейцария әлі күнге дейін бастапқыдағыдай конфедерация деп аталады, бірақ іс жүзінде федерация болып табылады. Тарихи тұрғыда кері үрдістер да басым түсуі мүмкін: федерация таралады және конфедерация құрылады (КСРО-ның таралуы және ТМД құрылуы) немесе толыққанды тәуелсіз мемлекеттер құрылады (Югославия мен Чехословакияның таралуы). Конфедеративті қағидаттар қазіргі таңдағы интеграциялық үдерістерде де қолданыла алады (мысалы, Европалық Одақты – (ЕО) құру тәжірибесі).

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің негізін анықтайтын қандай әдістерді білесіз?

2. Мемлекеттің шығу тұжырымдамасының түрлері қандай?

3. Мемлекеттің пайда болуының эволюциялық жолдары.

4. Көпқырлы әлеуметтік бірлестік ретінде мемлекеттің белгілері.

5. Мемлекеттің даму кезеңі қандай?

6. Республика – басқарудың бір нысаны ретінде.

7. Федеративтік мемлекет дегеніміз не?

2.2. Мемлекеттік және қоғамдық басқару қарым-қатынасы

Саяси режим түсінігі Вебер бойынша – мемлекеттің маңызды әлеуметтік негізі (лат. regimen – басқару) саяси биліктің шынайы бөлінуін, қоғам мен мемлекетке ықпалын сипаттайтын мемлекет пен саяси жүйенің қызмет жасау әдісі.

«Саяси режим» түсінігінің ауқымды және қысқа анықтамасы бар:

- ол басқару құрылымы ретінде, бір қауымды екіншісінен бөліп көрсететін қоғам типі түрінде;

- ал тар мағынада, басқару және билік органдарының жоғары деңгейде құрылу әдісі мен сипаты ретінде сипатталады.

Осы үдеріске саяси партиялар мен қысым көрсету топтары қатысады. Сондықтан да, кейбір мамандар «мемлекеттік режим» және «саяси режим» түсініктерін екі бөлек қарауды, яғни саяси режимді мемлекеттік жүйенің өмір сүру тәсілі ретінде қарауды ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет