Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет23/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

В.А. Козаненконың редакциясымен шыққан кітапта дәстүрлі түрде парламенттік режимнің негізгі төрт элементі бар (20-сурет):

1) атқарушы биліктің дуализмі (премьер-министр институтының болуы);

2) Үкіметтің Парламент алдындағы саяси жауапкершілігі;

3) мемлекет басшысының алдын ала бір палатаны тарату мүмкіндігінің болуы;

4) мемлекет басшысын халық сайламайды.

20-сурет. Парламенттік режимнің негізгі элементтері

Сонымен қатар, кейде мынадай белгілерді де бөліп көрсетеді: сайлау нәтижесі бойынша Парламент пен Үкіметтің бір уақытта қалыптасуы,

парламенттік мандат пен өкілеттік лауазымды қиыстыру мүмкіндігі, Үкіметке заң шығаруда бастама құқығын беру.

Парламенттік республикада өкілеттік идеялары мен өкілеттік демократиясы кеңінен пайдаланылады. Заңнамалық биліктің жетекші рөлі оның өкілетті билік иесі болып, легитимділікті тікелей түрде биліктің қайнар көзі – халықтан алады. Парламентпен көрінетін өкілетті билік мемлекеттік құрылымның легитимділенуіне жәрдемдеседі және саяси жүйенің тұрақтануына ықпал етеді. Ол саяси трибуна болып, оппозицияның өркениетті қалыптасуы әдісі болып саналады. Элиталарды бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік шенеуніктердің заңды бұзуларына жол бермейді. Сонымен қатар, басқарудың парламенттік нысаны белгілі бір жағдайларда (парламенттік көпшілік партиясының жоқтығы кезінде) теріс жақтарын көрсете алады және қоғам дамуын тежейді, себебі Үкіметтің Парламентке байланыстылығы тұрақсыздық факторы бола алады және Үкіметтің жиі ауысуына да әкеледі (мысал ретінде Италияны алуға болады, 1946-1993 жылдар аралығында Үкімет 52 рет ауысты). Батыс елдерінің көпшілігі парламенттік жолмен басқарылады (Италия, Германия, Швеция, Австрия мемлекеттері және т.б.).

Президенттік республика. Президенттік институт және президенттік республика – адамзат тарихындағы мемлекеттік басқару ісіндегі соңғы құбылыстардың бірі. Тек қана АҚШ-тағы басқару нысаны бұл институттың ерекше түрі. Ол XVIII ғ. аяғынан бастап өмір сүріп келеді. Басқарудың президенттік нысаны кезінде биліктің өкілеттік органдары мемлекеттік билік жүйесінде елеулі рөлге ие бола алды, бірақ басымдылыққа ие емес (АҚШ, Сирия, Зимбабве, Бразилия, Мексика, Уругвай және т.б.).

Президенттік биліктің негізгі үш элементін бөліп көрсетеді (21-сурет):

- атқарушы биліктің дуализмінің жоқтығы, яғни Президент мемлекет басшысы және Үкімет басшысы болып табылады;

- Президентті халық сайлайды;

- Парламент Үкіметті сенімсіздік білдіру негізінде таратып жібере алмайды, Президентте Парламентті тарата алмайды.



21-сурет. Президенттік биліктің негізгі элементтері

Кейбір мамандардың пікірі бойынша, шешуші белгі болып Үкіметті қалыптастыру емес, оны таратып жіберу саналады, себебі, көптеген елдердегі парламенттік және президенттік жүйеде Үкіметтің қалыптасу үдерісі әр

алуан. Президенттік жүйеде Президент және Парламент жеке сайлауларда сайланады, сондықтан да заңнамалық билік (өкілетті) қана емес, сонымен қатар, президенттік билік те легитимділікті халықтан алады. Бұл жағдай билікті бөлу қағидатын шынайы тұрғыда президенттік билік пайдасына жинақтайды және заңнамалық билік рөлін төмендетеді, себебі, атап өтілгендей, Үкімет Парламент арқылы тағайындалмайды және оны Парламент тарата алмайды. Президенттік жүйеде биліктердің тепе-теңдігі өзіндік «тежемелік әрі тепе-теңдік» арқылы құрылады. Бірақ, көптеген зерттеушілердің ойы бойынша, бұл жүйе атқарушы биліктің күшеюіне демеу болады және авторитарлық үрдістердің пайда болуына әкеледі. Бұл тұрақсыз саяси жүйелер үшін өте қауіпті.



Аралас республика өз бойында президенттік және парламенттік билік нысандарының элементтерін біріктіреді. Ол «ескі» демократияларға (Франция, Швейцария), сондай-ақ жаңадан құрылған республикаларға да тән (Польша, Чехия, Болгария, Румыния, Сербия, Литва, Латвия, Эстония, Украина, Армения, Молдова, Ресей және т.б.).

Аралас нысандардағы басқаруда парламенттік билік шектеліп, атқарушы билік күшейтіледі (жартылай парламенттік жүйе). Ол Үкіметтің тұрақтылығын қамтамасыз ету ниетімен түсіндіріледі: фракциялық күрес себептеріне байланысты Парламент Үкіметті тарата алмайды немесе керісінше, Үкіметтің Парламент алдында жауапкершілігі күшейеді (жартылай президенттік республика). Бұл үшін «екі жақты жауапкершілік» Үкіметі құрылады: ол Президент пен Парламент алдында бірдей жауапты болады. Парламентке қарағанда, Президент өте маңызды рөлге ие. Тікелей сайлауда сайланып, Үкіметті қалыптастыруға елеулі түрде ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет