Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет30/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттің қызметі – қоғамдық істерді мемлекеттік басқаруда белгілейтін және оның мәнін білдіретін мемлекеттік әрекеттің негізгі бағыты.

Мемлекет қызметі мемлекет дамуының барлық кеңінде мемлекеттің алдына қойылған негізгі міндеттер мен оларды жүзеге асырудағы басты амалдарға байланысты белгіленеді. Бұл міндеттердің мазмұны ішкі және сыртқы факторлар бойынша айқындалады. Мемлекеттің ішкі немесе халықаралық аренадағы жағдайын басқарудағы міндеттердің түріне қарай мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметі ажыратылады.



А.В. Пикулькин бойынша, мемлекеттің ішкі қызметі дегеніміз – қоғамның ішкі өмірін басқаруға байланысты мемлекет әрекетінің негізгі бағыты (30-сурет):

- экономикалық – мемлекеттің экономикалық саясатты жасауы мен үйлестіруі, яғни мемлекеттің экономикалық дамуының қолайлы стратегиясы мен тактикасы мен қоғамның экономикалық өміріндегі азаматтардың және олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты реттеу;

- саяси – саяси қызығушылықтарын жүзеге асырудағы азаматтар, әлеуметтік топтар, таптар мен ұлттардың арақатынасын реттеу, қоғамның әртүрлі қызығушылықтарына үндестік орнату;

- әлеуметтік – мемлекеттің әлеуметтік саясатын дайындау, қоғамның әрбір мүшесінің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау, қоғамдағы алатын орнына байланысты әлеуметтік топтар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыру;

- құқықтық – заң шығару қызметін жүзеге асыру (құқықтық актілердегі нормаларды дайындау, қабылдау және жариялау), құқықтық қолдану (заңдарды және басқару сипатындағы әр түрлі мәселелерді орындауға байланысты құқықтық қолдану актілерін қабылдау амалымен құқықтық нормаларды жүзеге асыру), құқықтық қорғау (адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғау, құқық бұзушылыққа ескерту және оларды заң жүзінде жауапқа тарту және т.б.);

- экологиялық – соңғы кездері мемлекеттің негізгі қызметтері санатына қосылған адамдардың қоршаған ортаны пайдалануын реттеп отыратын қызмет түрі.

30-сурет. Мемлекеттің ішкі қызметінің бағыттары



Мемлекеттің сыртқы қызметі – мемлекеттің халықаралық деңгейдегі әрекетінің негізгі бағыты (31-сурет):

- қорғаныс – мемлекетті сырттан келетін тәуекел мен әскери басқыншылықтан қорғау;

- дипломатиялық – басқа мемлекеттермен, халықаралық құқық субъектілерімен тиімді қарым-қатынасты ұстану, халықаралық деңгейде ел атынан әрекет ету;

- сыртқы экономикалық – халықаралық деңгейде мемлекеттермен және мемлекеттер тобымен екі жақты тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу, жаңа технологиялармен алмасу, тауар айырбасты басқару, ақша-несие байланысын дамыту және т.б.;

- сыртқы саяси – әлемдік құқықтық тәртіпті ұстану, ғаламдық келіспеушіліктердің алдын алу мақсатына байланысты халықаралық жалпы құқықтық нормаларды сақтауды қолдайтын қызмет түрі;

- мәдени-ақпараттық – мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастық және өзара ақпараттық алмасулар;

- ғаламдық ынтымақтастық – заманауи ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымықтастықтар (экологиялық, энергетикалық, демографиялық және т.б.).

31-сурет. Мемлекеттің сыртқы қызметінің бағыттары



Н.И. Глазунова мемлекеттің негізгі қызметтеріне мына төменде аталғандарды жатқызады:

- қоғам мен оның аумағының тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз (сақтау) ету;

- реттеліп отыратын қоғамдық қатынастардың көмегімен өзара байланысты, сәйкестендірілген және бірге әрекет ететін заңдық құралдардың жиынтығы түріндегі құқықтық жүйе құру және қамтамасыз ету;

- қоғамдық өмірдегі барлық салалардың дамуын қалыптастыру және қамтамасыз ету;

- билік пен қоғам арақатынасындағы құқықтық заңдылықты қорғау, адам және азамат құқығы мен еркіндігінің кепілдігі;

- қоғамның әлеуметтік таптары қызығушылықтары мен қажеттіліктерін үйлестіру, оның дамуындағы басымдықтарды анықтау;

- әлемдік қауымдастықта жалпы ұлттық қызығушылықтарды қамтамасыз ету.

Жалпы алғанда мемлекет қоғамдық өмірді қолдау барысында әр алуан қызметтерді жүзеге асырады және бұлардың барлығы қандай деңгейде болғанына қарамастан басқаруға байланысты, ол жүйе және басқару аппараты арқылы орындалады. Жалпы мағынасында алып қарасақ, мемлекеттік басқару қызметі іс жүзінде мемлекеттік қызметтерді қамтиды, сондықтан менеджменттік көзқарас бойынша, мемлекеттің қызметі дегеніміз – басқару қызметінің жиынтығы.

Мемлекеттің басты басқару қызметтеріне басшылық, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау, әлеуетті дамыту мен қорғау мақсатында шешімдер қабылдау, құрылымы мен қызметін тәртіпке келтіру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың сан қырлы өмірінің үйлесімді шарттарын құру жатады.

Мемлекеттік басқаруды зерттеу барысында жүйелі түрде амалдау оны бірқатар күрделі жүйелерді іске асырушы ретінде ұғынуға септігін тигізеді. Олардың қатарына мыналар кіреді:

1) басқару жүйесі – мемлекет басқаруды анықтаушы субьект ретінде;

2) басқарылатын жүйе – мемлекеттік әсерге басқару нысаны ретінде ұшыраған тұтас қоғам және оның құрамдас бөліктері;

3) әрекеттестік жүйесі – әр түрлі: тікелей және кері, тік және көлденең, бағынатын және қолдайтын т.б байланыстарды орнататын мемлекет пен қоғамның әр алуан институттары.

Нарықтық экономика талаптарына сай бізде бірқатар жаңа қызметтер пайда болды:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастырудың барлық тиісті белгілерін (шекара, азаматтық, заңдар, қаржы, ақша және т.б.) жасау.

2. Жеке-меншіктің әралуан түрлері арасындағы байланысты нығайту мен дамыту үшін ұйымдық-құқықтық талаптар дайындау, заманауи нарықтық экономиканың құрылуы.

3. Мемлекет пен қоғамды берік және сенімді десократизммен қамтамасыз ететін қоғамдық институттарды күшейту және өрістету, жаңа саяси жүйенің қалыптасуы.

4. Конституцияда көрсетілген кешенді құқыққа, азаматтардың еркіндігіне, адамдардың тұрмыс халінің көтерілуіне, ғылым мен білімнің дамуына, қоршаған ортаның қорғалуына және т.б. кепіл болатын әлеуметтік және әкімшілік-құқықтық реттеушілерді құру.

Мемлекеттік басқару қоғамда орын алған алуан түрлі ресурстардың: материалдық, зияткерлік, қаржы, ақпараттық, күш, демографиялық және т.б. барлығын пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің қоғамдық қызметті жүзеге асыру аспектілері.

2. Мемлекеттің ішкі қызметінің түрлері

3. Мемлекеттің сыртқы қызметінің түрлері.

4. Мемлекеттік басқарудың жүйелілік қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет