Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың ең маңызды жаңалығына мыналарды жатқызуға болады:
1) мемлекеттік лауазымдардың саяси және әкімшілікке бөлінуі. Бұл саяси тағайындаулардың ауысуы кезінде әкімшілік қызметкерлердің құқықтық қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ, олардың саяси бейтараптылығы мен мансап тұрақтылықтарын қамтамасыз ете отырып, нәтижесінде әкімшілік мемлекеттік қызметтің кәсібилілігіне оң ықпалын тигізеді;
2) ашық конкурстық негізде мемлекеттік қызметке орналасу. Бұл мемлекеттік қызметке азаматтардың конституциялық құқығын тең мүмкіндікте жүзеге асыруды және тең, әрі бәсекелестік жағдайда мемлекеттік қызмет үшін дайындығы жоғары мамандарды таңдауды қамтамасыз етеді;
3) әрбір әкімшілік лауазымға біліктілік талабын бекіту. Бұл жұмысы мен лауазымы бойынша сәйкес азаматтардың лауазымына кепілдеме беретін міндеттің тиімді құралы болуы мен мемлекеттік қызмет сапасының өзіндік үлгісі болып табылады;
4) заңнамаларды меңгерулеріне компьютерлік тестілеуді өткізуі. Бұл мемлекеттік қызметке біліктілігі төмен адамдардың мүмкіндігін шектеу және әкімшілік құқық саласында азаматтарға негізгі заңдарды оқытуға мүмкіндік береді.
5) мемлекеттік қызмет саласында бірдей мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші өкілетті орган институтын заңды бекітуі.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды. 2000-2001 жылдары Қазақстанның барлық облыстарында мемлекеттік қызметшілерді оқытатын өңірлік орталықтар құрылды. Өңірлік орталық жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырушы ұйымдар болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің ендігі үлгісі оңтайлы батыстық стандарттарға сай 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиялық жоспарына сәйкес оның одан әрі жетілуі және Үкімет Бағдарламаларына сәйкес жаңғыртылуы бойынша жұмысты бастауда жеткілікті нормативтік базаға ие.
Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қызметтері мен міндеттеріне сәйкес өкілеттік берілген арнайы органдар құрылды. Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері жатады. Ол органдардың стратегиялық жоспардағы басты бағыты қоғамда мемлекеттік қызметтің биік беделін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Бұл бір жағынан, Қазақстанда жаңа мемлекеттілікті қалыптастырумен, ал екінші жағынан – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік бағдарлы мемлекеттің қалыптасуымен байланысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі міндеттері, қызметтері мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3-желтоқсандағы №280 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі міндеттері, қызметтері мен өкілеттіктері туралы ережеде» анықталған.
Өз міндеттерін және оған жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Агенттікке мынадай құзіреттіліктерге өкілеттік берілді:
- мемлекет Басшысына және республика Үкіметіне мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға байқау өткізу;
- мемлекеттік қызмет туралы мемлекеттік органдардың заңнамаларының сақталуын бақылауды іске асыру;
- мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін тексеру;
- басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тексеру өткізуге жұмылдыру;
- өз міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан қажетті ақпараттарды алу және сұрау;
- заңнаманың бұзылуы барысында қабылданған шешімдердің өзгеруі немесе жойылуы туралы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ұсыныс енгізу;
- өз құзіреттілігі бойынша мемлекеттік органдарда міндетті орындау үшін нормативті құқықтық актілерді қабылдау;
- аумақтық органдардың құзіреттілігін бекіту сияқты күшке ие.
Сондай-ақ, заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен актілеріне байланысты басқа да құзіреттіліктерді жүзеге асырады.
Агенттікке республика Президентінің жарлығымен қызметіне тағайындалатын және қызметінен босатылатын Төраға басшылық етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |