Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮДЕРІСІ



бет37/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

4 тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮДЕРІСІ

4.1. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси мазмұны

Мемлекеттік басқару қоғамдық үдерістерге нысаналық, ұйымдастырушылық және реттеудегі ықпал етуші ретінде ерекше орынға ие. Бұл мемлекеттің әлеуметтік басқарудың жетекші субъекті ретіндегі қоғамдағы саяси биліктің жалғыз ғана, бірегей ұйымы болып көрінуіне байланысты, белгілі аумақта елдің барлық халқын қамтиды. Әлеуметтік басқарудың бірде-бір субъектісі бұндай қасиетке ие бола алмайды.

Мемлекетті басқару жайындағы толыққанды түсінікті қоғамдық үдерістерге әсер етуші ретінде, оның мәнін талдау арқылы аламыз. Соңғысы мемлекеттік басқаруға сапалы анықтылық береді. Бірегей билік жүйесі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саласына және негізіне негізделеді. Мемлекеттік басқарудың негізін және өзіне тән ерекшелігін ашу – бұл оның қоғамдағы объективті қажеттілігін көрсететін негізгі сипатын (белгілерін) анықтау болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың қысқа, әрі анық анықтамасын Г.В. Атаманчук былайша ұсынады: «мемлекеттік басқару – билік күшіне сүйеніп, қоғам және адамдардың жеке өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатындағы мемлекеттің өз құрылымдары негізінде ұйымдастырушылық, тәжірибелік ықпал ету қасиеті».

Әрине, кез-келген қоғамдық құбылыстың анықтамасы шартты және шектеулі немесе анықтама беру кезінде байланыс пен маңызды элементтер назардан тыс қалдырады.

Ұсынылған мемлекеттік басқару анықтамасының маңыздылығы – ол қисындық біртұтастыққа, тым болмағанда үш кезеңді біріктіреді:

- мемлекет биліктің жүйелі түрде ұйымдастырылған субъектісі ретінде;

- адамдардың қоғам өміріне басқарушылық және әсер етушілік ықпалы;

- мемлекет пен қоғам арасында белсенді өзара байланыс орнататын басқарушылық әсер ету.

Демек, мемлекеттік басқару үдерісін, оның іс жүзінде қолданылуына және дұрыс түсінуін сипаттауға көптеген теориялық мүмкіндіктер ашылады.

Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси мазмұны оның негізгі белгілері тізбегінде көрінеді. Ол, бірінші кезекте, оның негізінде жатқан мықты билік күші. Қоғамдық үдерістерге ықпал ету «билік» сөзінің негізгі мағынасымен байланысты. Мазмұны жағынан билік ерікті түрде қарым-қатынасты белдіреді, яғни адамдар ерікті немесе ықтиярсыз түрде өзге адамдар ырқына көнеді және өз өмірлерін, жүріс-тұрысын белгілі әлеуметтік нормативтерге сәйкестендіреді. Кез-келгенбилік басқару арқылы көрінеді (еңбек ұжымында, қоғамдық бірлестіктерде және т.б.)

Мемлекеттік билік – қоғамда басқарудың ерекше белгісі. Ол, қажет болған жағдайда, материалды, қаржы, ұйымдастырушылық және өзге де ресурстарға иелік етіп, мемлекет әлеуметтік жүйеге ықпал ету үдерісінде күштеу құқығын заңды түрде қолдана алады.

Неміс саясаттанушысы М.Вебердің айтуы бойынша: «Мемлекет – заң жүзінде (яғни, заңды деп танылған) қысым көрсетуге негізделген адамдардың адамдарға билік ету қарым-қатынасы». В.Н. Уваровша айтқанда, мемлекеттік басқару қойылған мақсаттарды жүзеге асырушы, қоғам өмірін ұйымдастырушы, қоғамдағы адамдардың іс-әрекетін реттеуші билік күшін өз бойында шоғырландырады.

Мемлекеттік басқару нысаналық сипатқа ие және арнайы міндеттер шешімін қамтамасыз етеді. «Қазақстан 2050» Стратегиясы» қамтыған негізгі басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыруда мемлекет жетекші орынға ие. Мемлекеттік басқарудың сапалы ерекшелігі – нормативтік құқықтық тұрғыда белгіленген мақсат. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясында, заңнамалық және өзге де өкілетті нормативтік құқықтық актілерде, сонымен қатар, республиканың жоғарғы атқарушы органдарында қалыптасып, бекітіледі. Қоғам мүшелерінің материалды әл-ауқаты, олардың жеке және адамгершілік тұрғыдан жетілуі, құқықтық және әлеуметтік қорғалғандығы осы құжаттарда нақтыланады.

Мемлекеттік басқарудың мақсаты – Конституцияны, заңдарды, Президенттің Жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді күнделікті өмірде жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты бағыты олардың жарғы құжаттарында немесе заңнамалық актілерінде көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет