Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет38/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік қызмет саласын басқарудың басты жетістігі – сипаты бойынша әр түрлі міндеттердің мазмұнын, мәнін және әлеуметтік бағытын шешуді болжау. Соңғысы жалпы мақсатпен бірге мемлекет және қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық шарттарымен қалыптасады, яғни анықталған, нақты, әлеуметтік сұраныстарды (тауар, жұмыс, қызмет көрсету өндірісі) айқындайды. Басқару іскерлігінің мақсаты, міндеттері мен мазмұны мемлекеттік басқарудың кез-келгенсаласының әлеуметтік сипатын анықтайды. Бұл, өз кезегінде, құқықтық нысандағы және басқарудың баламалы әдістері саласында арнайы қызметтер кешенін тудырады.

В.Н. Храпанюк: мемлекеттік билік қоғамды органдар жүйесі көмегімен басқарады, олар өз құрылымы және құзыреттілігіне сай жасалған, ал жалпы тұрғыда оларды мемлекет тетігі, мемлекеттік биліктің материалды белгіленуі деп атайды дейді. Маңызды дегендер қатарына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі жатады, сонымен қатар, қоғам қызметінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ететін және оның құқығына қайшы қол сұғушылықтан сақтайтын өзге де органдар мен мемлекеттік ұйымдар жатады.

Мемлекеттік басқару қоғамның барлық мүддесін, басқарудың барлық саласының дамуының бірігуін қамтамасыз етеді. Қоғамда күнделікті басқару қызметін жүзеге асыруға мемлекет атынан жұмыс жасайтын арнайы аппарат құрылады. Мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттер осы органдар жұмысының сипатын анықтайды. Мемлекеттік басқару негізінде мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі жүзеге асады. Мемлекеттік қызмет экономика саласының, әлеуметтік және саяси-әкімшілік құрылысының дамуы мәселелерінің көп түрлілігімен, аумақтылығымен, қиындығымен және басқару қызметінің көлемімен ерекшеленеді.

Қоғамнан бұқаралық және мемлекеттік биліктің бөлінуі адамдар арасында ерекше топтың пайда болуына әкеледі, яғни мемлекет атынан басқару қызметін атқаратын мамандар пайда болады. Бұл адамдар өз лауазымдарына сайлау, тағайындау немесе байқау (келісім-шарт) негізінде келеді. Олар материалды және рухани әл-ауқатты жүзеге асыруға тікелей қатыспайды, өздерінің арнайы қызметімен айналысады, яғни басқару үндеу немесе тілектес болу нысанында жүрмейді. Басқару ресми түрде құқықтық нысанда мемлекеттік билікке сүйеніп, жүзеге асады. Мемлекеттік органдар жүйесінде қысым көрсету аппаратын ерекше атап өткен жөн. Оның қатарына әскери құрылымдар (әскер, полиция, ұлттық гвардия, барлау және т.б.) және арнайы қысым көрсету мекемелері (сот, абақты, еңбек-түзету мекемелері) жатады. Кейде әскери құрылымдарды қамтыған мемлекеттік аппаратты мемлекеттің бір маңызды белгісі ретінде қарастырып, бұқаралық билік деп те атайды. Бұл жерде мемлекеттің заңды түрде күш қолдануы, заңды тұрғыда қысым жасау монополиясы жайлы айтылған. Қоғамда адамдарды еркіндіктен, мүліктен айыру және адамдар өмірін қиюдың әлеуетті мүмкіндігі – мемлекеттік биліктің ерекше рөлін көрсетеді.

Келесі ерекшелік ретінде мемлекеттік басқарудың белгілі аумақ көлемінде елдің барлық халқына таралуын айтуға болады. Осы жерде мемлекеттің қазіргі қоғамдағы әлеуметтік рөлін атап өткен жөн. Қоғам үстінен қарайтын органнан (мысалы, авторитарлы, тоталитарлы режимдер кезінде) мемлекет қоғамды ұйымдастырушы (қазіргі өркениетті мемлекет) күшке айналады.

Мемлекеттің тарихи тұрғыда пайда болуы, бір жағынан, қоғамның әлеуметтік ассиметриясымен, ал екінші жағынан, «кез-келгенқоғам табиғатынан шығатын «жалпы істерді» орындау қажеттілігімен» байланысты. Қазіргі таңдағы мемлекет алдында осындай міндеттер көбейіп жатыр. Бұл көлік және коммуникацияның дамуымен, эпидемия және апаттармен күрес, өз аумағын қорғаумен, халықаралық қатынастармен және өзге де істермен байланысты. Осы міндеттерді шешу барысында мемлекет «жалпы істермен» айналысатын тиісті органдарды құрып жатыр.

Осылай, мемлекеттік басқару бірегей түсінік ретінде өз бойында мемлекеттің негізін, әлеуметтік бағытын, қызметін, әдістері мен іскерлік нысанын көрсетеді және әлеуметтік басқарудың ядросы болып табылады. Мемлекеттік билік басқару негізіне сай қоғам өмірінің барлық саласына жан-жақты әсер етеді (экономика, әлеуметтік сала, саяси-әкімшілік құрылыс). Мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық басым міндеттерін және саяси қайта құрылуын ескере отырып, қоғамдық үдерістерге нысаналы түрде, билікті ұйымдастырушы және реттеуші түрінде алға шығады.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылу шарттары негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы және қызмет жасауы маңызды мәселелер қатарына кіреді. Мемлекеттік аппаратта өзгерістер болса, онда ол міндетті түрде мемлекеттік басқару жүйесінің барлық саласына әсер етеді.

Құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік басқару тетігі бірнеше жылдар бойы талданып келгенімен, қоғамдық үдерістерге мемлекеттік тетіктің ықпал ету жүйесі өзінің теориялық қорытындысына ие болмады. В.В. Лазаревтің редакциясымен шыққан «Общая теория права и государства» монографиясында: негізінен, мемлекеттік тетік түсінігі қоғамды басқаратын мемлекеттік органдар жүйесімен байланыстырылады, - деп тұжырымдалған. В.В. Копейчиков бойынша, мемлекеттік тетік құрамына тек қана мемлекеттік органдар емес, сонымен қатар, кәсіпорындарды, мекемелерді қосу және олар арасындағы екі жақты қарым-қатынасты да қамту әрекеті байқалады. Кейбір авторлар мемлекеттік басқару мазмұнын сипаттағанда оның қалыптасуының әлеуметтік тетігі мен жүзеге асырылуына көп мән береді.

Мемлекеттік басқару тетігі құрылымын және түсінігін қалыптастыруға бағытталған арнайы зерттеулер назар аударуға тұрарлық. Мысалы, Ю.А.Тихомиров мынадай анықтама береді: «Мемлекеттік басқару тетігі – қоғамдық үдерістерге басқарушылық әсер ететін демократиялық мемлекеттік ұйым». Бұл тетік элементтері – басқару топтары ретіндегі мемлекеттік органдар; басқару үдерісі, яғни динамиканы көрсететін мемлекет тетігінің қызметі; азаматтардың басқару үдерісіне қатысуы. Өз ұстанымын нақтылап көрсету мақсатында, автор «субъект және объект қарым-қатынасын көрсететін басқару жүйесінің қызметінде басқарушылық ықпал ету маңызды болып саналады» дейді.

«Социальные и государственно-правовые аспекты управления в СССР» кітабының авторлары мемлекеттік басқаруға тар мағына беру кезінде (яғни биліктің атқарушы үкіметі жүйесінде) тетікті мемлекеттік басқару қызметінің ұйымдасуы деп анықтайды (бұйрық беру – атқару қызметі. Осы ұйымның элементтері ретінде, яғни қиын динамикалық жүйеде мемлекеттік басқарудың субъектілері және объектілері, басқарудың субъект және объект қарым-қатынастары айқындалады.

Келтірілген анықтамалар, бірінші кезекте, серпінді санат және қоғамдық үдерістерге мемлекет тарапынан ықпал етуді ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік басқару тетігінің негізін көрсетеді.

Сонымен қатар, кейде ғылыми әдебиетте «мемлекеттік басқару тетігі» түсінігі «мемлекеттік басқару жүйесі» түсінігімен алмастырылатынын атай кеткен жөн. Негізінде, «мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару тетігі» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажыратуға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет