Оқу пәнінің міндеттері



Дата10.06.2017
өлшемі101,56 Kb.
#18613
Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • Жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, танымдық, лингвомәдениеттанымдық, ұлттық-әлеуметтік, өркениеттік-әлемдік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

  • қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;

  • оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;

  • жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.

Жоғары сыныпқа арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы – ортадан жоғары деңгейдің 2 сатыға жіктелуінде. Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін−өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды. Оқытудың мазмұнын іріктеу үздіксіз білім берудің дидактикалық, әрекетшілдік негіздегі, пәнаралық интеграция, түсініктілік, сабақтастық, тұлғалық жетістіктерді ескеру, шығармашылық, тілдік материалдың 10-11 сынып оқушыларының жас мүмкіндіктерімен өзара байланысы ұстанымдарының негізінде жүзеге асады.



  • Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды қамтамасыз етеді.

  • Оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылауының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

  • Пәнаралық интеграция ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

  • Түсініктілік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.

  • Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі

деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

  • Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы

жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттіліктіліктілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 10 - 11 сыныптарында «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

10-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 10 - сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

10 -сынып –аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат.



«ҚАЗАҚ ТІЛІ» оқу пәнінің базалық мазмұны:

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.



«Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық ая;

  • Әлеуметтік-мәдени ая;

  • Оқу-еңбек аясы

Әрбір аяда қамтылған тақырыптар мектептің негізгі және бағдарлы сатыларында бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің құралы ретінде ұсынылады.

Оқытудың ортадан жоғары деңгейіне арналған базалық білім мазмұнына сипаттама:

10-СЫНЫП

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая

  1. Менің отбасым: отбасы бюджеті

  2. Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)

  3. Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы


10-СЫНЫП

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 46 сағат.

1. Менің отбасым: отбасы бюджеті - 16 сағат.

Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым.. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Отбасы туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)

Тілдік бөлім: Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мәтіндер.

2. Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) – 14 сағат.

Тілдік бөлім: Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мәтіндер.

10 -сынып оқушыларының білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:

Тыңдалым бойынша:

Өзіне таныс нақты, анық айтылған мәтіндерді; ауызекі тілде айтылған ақпаратты; радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсінеді; Тақырып бойынша аудиоматериалды тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл аудара алады; Тілдік қарым –қатынаста қолданылатын ұғымдардың анықтамаларын тыңдап, олардың білдіретін мағынасын дұрыс қабылдай алады;



Оқылым бойынша:

Әр түрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді; Оқылған мәтіннің негізі мазмұнын түсініп, талдайды; Ғылыми, қоғамдық – саяси, көркем әдебиет түпнұсқаларынан алынған үзіндіні нормативті деңгейде оқи алады;



Айтылым бойынша:

Өзінің алған әсері арманы, досым, әріптесі туралы мағұлмат бере алады; Түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіреді; Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алады; Тақырып бойынша лексиканы меңгере отырып, өз ойын жеткізе біледі;



Жазылым бойынша:

Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады; Пунктуация ережелерін сақтай біледі



Тілдесім бойынша:

Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады; Әр түрлі жағдаяттарда сұхбат құра алады; Өзіне таныс жағдаятарда ешкімнің көмегінсіз сұхбатқа араласады; Үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап, оларға жауап бере алады; Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады.



ЛЕКСИКА: Берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөзді орынды қолданады; Мақалдың дұрыс мағынасын анықтайды; Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай алады; 1300 лексикалық бірлікті меңгереді.

Сөз құрамы мен сөзжасам: туынды түбірлердің мағыналық байланысын біледі; Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін ажырата алады.

Грамматика: зат есімдерді септейді, септік жалғауларын жалғайды, салаластың түрлерін қайталайды;

Стилдік түрлерін орынды қолдана алады; Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра біледі.



Нәтиже сабақ. «Менің отбасым»

1-Тапсырма Өмірбаяныңызды үлгі бойынша жазыңыз.

1.Тегі,аты-жөні

2.Туған жылы, күні, айы.

3.Әлеуметтік жағдайы.

4.Туған жері.

5.Ұлты.

6.Білімі.



7.Мамандығы.

8.Қызметі.

9.Отбасы.

10.Мекенжайы.

11.Үй телефоны.

12.Қолы.


13.Толтырған күні.

2-Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін

пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз..

Тату-тәтті тұру, құрметтеу, қамқорлық

жасау, сүю, жақсы көру, тірек.

3- Берілген мақалдарды аяқтаңыз.

1.Әке- асқар ....

Ана-бауырындағы ....

Бала-жағасындағы ....

2.Әкеге қарап ... өсер,

Шешеге қарап ... өсер.

3. Атаңа ... қылсаң , алдыңа сол келер.

4. Жеті ... білмеген-жетесіз.

Керекті сөздер:

атасын ,ұл ,бұлақ , құрақ , қыз,тау, не.

4- Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.

Қазақ отбасында әке орны ерекше. Оны бәрі тыңдайды. Өйткені әке – шаңырақ иесі. Ананы сыйлайды. Қызды құрметтейді. Қара шаңырақ кенже балаға қалады. Қазақ отбасында әр бала өз жеті атасын біледі.

Тест.

1. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ч,х,щ. В) П,ф,к. С) Т,с,ш. D) Ғ,г,д. Е) Һ,ц,у.

2. Сөздің көп мағыналылығын көрсететін сөздікті табыңыздар.

А) Тұрақты тіркестер сөздігі

В) Аударма сөздік

С) Омонимдер сөздігі

D) Түсіндірме сөздігі

Е) Орфографиялық сөздігі

3. Орфографиялық сөздіктің мақсатын анықтаңыздар

А) Сөздердің дұрыс айтылмауы

В) Сөздердің дұрыс жазылмауы

С) Сөздердің аудармасы

D) Сөздердің дұрыс айтылуы

Е) Сөздердің көп мағыналылығы

4.Тілдің ең кіші бөлігі не?

А) дыбыс

В) буын


С) үн

D) кіші тіл

Е) әріп

5. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?



А) дыбыстар

В) әліпби

С) әріптер қатары

D) әріптер тізбегі

Е) әріптер топтамасы

6. Дауыстылардың саны қанша?

А) 11

В) 12


С) 9

D) 15


Е) 10

7. Қай сөзде төрт ашық буын бар?

А) данышпан

В) мәртебе

С) иелену

D) таяныш

Е) әдебиет

8. Тасымалданбайтын сөзді табаңыз.

А) аспан

В) жақсы


С) тату

D) шешен


Е) ақын

9. Тасымал неге негізделеді?

А) екпін

В) дауыссыз дыбыс

С) дауысты дыбыс

D) буын


Е) үндестік заңы

10. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

А) тасымал

В) әріп


С) дыбыс

D) буын


Е) екпін
Каталог: images -> archive
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
archive -> Сабақ «Ақшаның экономикалық мәні»
archive -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
archive -> Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
archive -> Сабақ жоспары Жарияланды 23-04-2013, 10: 19 Категориясы: Бастауыш сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет