Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет76/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер корпусына мынадай мемлекеттiк лауазымдар енгiзiлді:

- орталық мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары;

- облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi және олардың орынбасарлары;

- тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын басқа да мемлекеттік лауазымдар.

Жаңа үлгіде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет құрылымында мемлекеттiк саяси қызметшiлер қалыптастыратын саясатты iске асыруды және стратегиялық шешiмдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететiн «А» басқарушылық корпусы құрылды.

«А» басқарушылық корпусының әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервiнен жүзеге асырылатын болады. Оны пайдалану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн кандидаттың «А» корпусының кадр резервiнде тұру мiндеттiлiгiн көздейтiн құқықтық норма қарастырылды.

Саяси кадр резервiн және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» басқарушылық корпусының кадр резервiн қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссия мемлекеттiк органдардың және облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнiң ұсыныстары негiзiнде жүзеге асыратын болды.

Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа үлгісiнде мемлекеттiк саяси лауазымдар тiзiлiмi қайта қаралып, мемлекеттiк саяси қызметшiлер саны шектелді.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» корпусына iрiктеу өздерiн кәсiби құзыреттi және тиiмдi жұмыс iстейтiн қызметкерлер ретiнде көрсеткен «Б» атқарушылық корпусына жатқызылған мемлекеттiк қызметшiлер қатарынан тұрақты рекрутинг негiзiнде жүргiзiле бастады.

Сонымен қатар, қолда бар кадр әлеуетiн кеңейту және мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң ашықтығы «әлеуметтiк лифт» тетiгi есебiнен қамтамасыз етiлуде.

Осы тетiк мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын, бiрақ мемлекеттiк ұйымдарда және жеке салада басшы лауазымдарды атқаратын кәсiби даярлығы бар кадрларға «А» корпусының кадр резервiне енгiзу үшiн байқаулық iрiктеуге қатысуға мүмкiндiк бередi.

Саяси кадр резервiне және «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне қосу белгілерi мемлекеттiк қызмет iстер жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша жеке нормативтiк құқықтық актiмен айқындалды.

Атап айтқанда, кандидатты саяси кадр резервiне және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне қосу туралы шешiм қабылдауға негiз ретiнде мынадай белгілердi ескереді:

- бiлiм деңгейi мен бейiнiн;

- жұмыс өтiлi мен тәжiрибесiн;

- кәсiби және жеке құзыреттерiн бағалауды;

- қызметтiк этиканы сақтауды;

- мемлекеттiк саяси қызметшiнiң не басшы лауазымдардағы жұмыс тәжiрибесi мол «А» басқарушылық корпусы әкiмшiлiк қызметшiсiнiң жазбаша ұсынымының болуын.

Кандидаттарға «А» басқарушылық корпусына кiру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң басқару лауазымында атқарымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау iсiнде маңызды кәсiби және жеке құзыреттердi бағалау қолданылуда.

Кәсiби және жеке құзыреттерiнiң негiзiнде тестiлеу, сондай-ақ кәсiби бағдарланған әңгiмелесу мен емтихандар өткiзу мемлекеттiк әкiмшiлiк «А» басқарушылық корпусының кадр резервiне байқаулық iрiктеудiң тетiктерi болады.

Саяси лауазымды атқаратын мемлекеттiк орган басшысы ауысқан кезде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жұмысының тұрақтылығын және ведомствоiшiлiк сабақтастықты қамтамасыз ететiн тиiмдi тетiктi қалыптастыру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң «А» корпусында лауазымда болу мерзiмi нақтыланды.

Қызметшiнi «А» басқарушылық корпусы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның шешiмi негiзiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып орындалады.

Кәсiби және басқару дағдыларының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялауды жүргiзу көзделедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет