Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет80/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

6. Мемлекеттiк қызмет персоналын басқару үдерісін жетiлдiру

Жаңа кадр саясатын iске асыру және мемлекеттiк қызмет персоналын басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiнiң жұмысы мемлекеттiк органдағы кадр қызметiнiң құрылымы, саны, атқарымы мен мiндеттерi айқындалатын үлгiлiк ереженiң және тиiстi әдiстемелiк ұсынымдардың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысының бiр бағыты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген еңбек режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету болады.

Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысында «электрондық үкiметтiң» мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану кадрлық шешiмдердi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталатын болады, өз кезегiнде электрондық құжат айналымы жүйесiн және мемлекеттiк органдардың интернет порталын пайдалану мемлекеттiк органдар қызметiнiң iшкi және сыртқы рәсiмдерiн барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.

Озық әлемдiк тәжірибеге сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттiк қызмет саласындағы кадр саясатын тиiмдi iске асыру, оның iшiнде жоғары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер корпусына қатысты iске асыру мемлекеттiк қызмет персоналын басқарудың бiртұтас жүйесiне және оны автоматтандыруға негiзделген.

«Е-қызмет» жүйесiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiне персоналды басқаруды озық әлемдiк тәжірибеге сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысының өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және ақпаратты алу мен өзектi етуге кететiн уақыт және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкiндiк бередi.

«Е-қызмет» жүйесi онлайн режимiнде орталық және өңiрлiк деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты толық кадрлық ақпаратты: дербес деректердi, ұйымдастырушылық мәлiметтердi (кадрлық есеп), кәсiби және жеке құзыреттерi, бiлiмi, бiлiктiлiгi, жұмыс өтiлi, кәсiби тәжiрибесi, бағалау және аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтердi; ротациялаудың жедел мониторингiн жүргiзудi, оқытудан өтудiң жедел есебiн, курстардың мерзiмдерi мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалау туралы мәлiметтердi, мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау және сот органдарының деректерiн алуға мүмкiндiк бередi.

7. Мемлекеттiк қызметтегi этикалық нормаларды жетiлдiру.

2005 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Президентiнiң  «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы» № 1567 Жарлығы шықты, оған Президенттiң 2011 жылғы 1 сәуiрдегi N 1180 Жарлығымен өзгерiс енгiзілді.

Халықаралық тәжірибеде әкiмшiлiк этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың маңызды тәсiлдерiнiң бiрi болып есептеледi. Бiрқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттiк қызмет этикасы мәселелерiн реттейдi және мемлекеттiк басқару жүйесiнiң моральдық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Мемлекеттiк қызметшiлер мiнез-құлқының ведомстволық қағидаларында нақты мемлекеттiк органның қызметшiсi өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару үдерісiнде кездесетiн, этикалық тұрғыдан алғанда проблемалы болып табылатын жағдайлар толық сипатталады және осындай жағдайлардағы нақты мiнез-құлық қағидалары көзделедi.

Жарлықта Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасының қағидалары 1999 жылғы 23 шiлдедегi «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы  2 шiлдедегi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған  моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлетіні нақтыланды.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды. Ал қоғам мемлекеттiк қызметшiні өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны – Қазақстан Республикасына адал да  қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Мемлекеттiк қызметшiлердің Ар-намыс кодексінің мәтінінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты 20 тармақтан тұратын талаптар нақтыланған.

Сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердің iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтеуге, қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауы талап етіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын сипатқа ие.

Мысалы, мемлекеттiк қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған адам не мемлекеттiк қызметке кiруге байланысты және Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң ант қабылдауы және олардың мемлекеттiк қызметте болумен байланысты жазбаша шектеулердi қабылдауы нормасы бекiтiлген.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексi мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк келбетi мен iскерлiк қасиеттерiне қойылатын талаптарды айқындайды.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi тексеру барысында қолданыстағы мемлекеттiк қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Алайда, тексеру нәтижелерi мемлекеттiк органдардың жұмысында мемлекеттiк қызметке кiру және оны атқару мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтардың бар екенiн көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi анықталған бұзушылықтар туралы анықтаманың негiзiнде мемлекеттiк органның басшысына бұзушылықтарды жою және тиiстi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдар жасайды, кейiннен ұсынымдар шығара отырып, тәртiптiк кеңестерде мемлекеттiк органдардың есептерiн тыңдауды жүргiзедi.

Сонымен қатар, қазiргi кезде тәртiптiк кеңестердiң жұмысы да жетiлдiруді қажет етеді.

Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының жауапкершiлiгiн күшейту, оның iшiнде осы органдардағы басшы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығын жасаған жағдайда оның орнынан түсуiне дейiнгi тетiк орнықтырылды.

Осы шаралар мемлекеттiк қызметшiлерге қойылатын этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге және халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген сенiмiн арттыруға мүмкiндiк бередi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет