Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



бет30/64
Дата07.11.2022
өлшемі2,02 Mb.
#156774
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
Этика и эстетика 12-том

ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ


ЗАР ЗАМАН
Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен тар заман.
Төрт аяқты хайуан —
Бұл дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір Алладан басқаның
Көп-ті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,


Сондағы зорлар қор болды.
Әуелгі барлар жоқ болды,
Сондағы жоқтар тоқ болды.
Жан білмейтін жамандар,
Жөн білмейтін надандар
Ел билеген бек болды.
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды.
Ниетіне қазақтың
Тым-ақ тәуір еп болды.
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!

Қыс көбейді — жаз аз боп,


Бай таусылды — мал аз боп.
Ағайынын көре алмай,
Атаға бала араз боп,
Қорлықпен өткен күніміз.
Кетер ме деп дініміз,
Сол себептен қорқамын.

Әр нәрсенің болжалы


Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақымдап.
Елді еркіне қоймайды,
Буыршындай тақымдап.
Дуанбасы, болыс тұр
Орыстың сөзін мақұлдап.
Айтқан сөздің құны жоқ,
Құр жылайды қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себептен қорқамын!
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өзге тілеу сүрамас.
Арам сідік балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Адам азар болар деп,
Сол себептен қорқамын!

Мынау ақыр заманда


Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты,
Кедей қайтіп күн көрер? —
Сол себептен қорқамын!

Келе жатыр жақындап


Ай мен күннін арасы.
Таңда мақшар болғанда,
Таразыны аударар
Залымның қылған күнәсы.
Тәуба, таупық келтірмес
Азған елдің молдасы.
Жаһаннам деген дозақта
Шайтан болар жолдасы.
Құбыласын білмей құл,
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді Құдайым
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиналып,
Кетірер оның мазасын.
Сақта, Құдай, сонан деп,
Сол себептен қорқамын!
* * *
Асылық, асқан заманда
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі,
Бай таусылды елдегі...
Жақсылықтан түгім жоқ
Жан қуанып сүйінген.
Естігенің жамандық —
Жұрт жиылып бүлінген...
Шошқаның етін қақтаған,
Құбылаға бақпаған,
Атасының малындай
Арақты ас қып сақтаған —
Кәлимасыз кәпірге
Кіріптар қылдың, Құдіреттім!
Ал бұл зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы.
Жанның жалғыз сүйініші —
Мал болып тұр тамағы.
Ықылас, ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады.
Ұлықсыған ұл туып,
Бұлықсыған қыз туып,
Жан есінен адасты.
Жарысқа кірген жақсылар,
Жақыным деп жан тартпай,
Жаумен бірге таласты.
Аузына кәпір қаратты
Дін мұсылман алашты.
Дүниенің тұтқасы,
Ойлап тұрсам, мал екен,
Кәпір мен қазақ таласты.

Заман қайтіп оңалсын,


Адам қайтіп қуансын —
Жандарал болды ұлығың,
Майыр болды сыйынғаның!..
Кәпірді көрдің піріндей,
Тілмашты көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей.
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаның жамандық
Жарадан аққан іріндей.
Жеті жұрт кешкен бұл жерден,
Сен тұрмайсың бүлінбей!
Қазақтың ұлы жиылып,
Құдайыңа сиынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмей дат жазып,
Өлместің енді қамын қыл,
Басың сотқа ілінбей!
* * *
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман!
Тарлығының белгісі —
Бірін-бірі күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Жақсылар малдан түңілген,
Жамандар жаннан түңілген.
Мұның өзі зар заман!
Зарлығының белгісі —
Ұл сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс қойыпты
Некесіз туған шатасын...
Қыз сыйламас енесін,
Арттырам деп егесіп,
Салыстырар денесін.
Пысықсыған немесі
Көзіңді ойып барады,
Күнде тесіп төбесін.
Ақсақалдан әл кетті,
Болмаса Тәңірім демесін...
Жас сыйламас ағасын,
Алып жыртты-ай жағасын!..
Асың жұқпас бойыңа,
Әр не түсер ойыңа.
Жалмауыз болды ұлығың,
Қазақ, сенің сорыңа!
Арқадан дәурен өткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ қазулы
Түспеске енді торына...
Кім мұсылман, кім кәпір —
Бір Аллаға аян-ды.
Пірлерден кетіп керемет,
Патшадан кетіп әділет,
Ақырзаман таянды!
* * *
Күйіп бір күймей, немене,
Құр қызады делебе.
Сақтасын жалғыз қайғыдан,
Көппен көрген — селебе.
Жылқың менен балаңды
Бір алған соң аузына,
Алмайды деген немене?!
Ұзын аққан Сарысу,
Жағасын жайлап көбеле.
Айдамай тұрып солдатқа,
Зар қылмай тұрып жалды атқа,
Жүйрік пенен жорғаңды
Өзің бір мініп, жебеле.
Жалаңаш барып жауға шап,
Ажалдан бұрын өле ме!
Ноқталы басқа бір өлім,
Өлмей де адам жүре ме?
Қатын-бала қамы үшін
Қарсы шап та, мылтық құш,
Құр жабырқап жүдемеі
* * *
Еділді алып — елді алды,
Енді алмаған нең қалды?
Қараны санап — малды алды,
Қазаққа қамқор жанды алды.
Кетейін десең — жерің тар,
Кетпейін десең — кәпір бар...
Тілеуіңді бермейді,
Көзіңнің жасын имейді.
Азаматтар, жігіттер,
Айғыр айтып сойсаң да,
Әуелгі заман келмейді.
* * *
Заман да заман, замана!
Асқар таудай әкеге
Ұл қышқырған замана.
Қылсаң жұмыс бітпейді,
Күн қысқарған замана.
Бай қайырып байланып,
Түн қысқарған замана.
Арғымақ ат тасырқап,
Тағалы болған замана.
Мәстек-жабы жалданып,
Бағалы болған замана.
Бұрынғы семіз арықтап,
Кенелі болған замана.
Кімде тамақ бар болса,
Дегені болған замана!..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет